қазақ ақыны, діни қайраткер, Шығыс Түркістанда қытайлар (Гоминьдан) ұйымдастырған қуғын-сүргін құрбаны From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақыт Қажы Үлімжіұлы Қарымсақов (А. Алтайский) (1868, ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы — 1940, Үрімші) - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мешіт салдырып, медресе ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, мешіті талқандапып, кітаптары өртендіріліп, 1940 ж, түрмеде азаптап өлтірілген.[1]
Ақыт Үлімжіұлы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Көктоғай, Алтай |
Қайтыс болған күні | |
Ұлты | |
Қызметі |
Ақын, ағартушы, философ |
Әкесі |
Үлімжі Қарымсақұлы |
Анасы |
Жібек Бекенқызы |
Жұбайы |
Кәмпит |
Балалары |
- Кәмпиттен- Ғабдісәмәт, Ғадімәлік (Мешел), Алдажар, Мұхамедияр, Бият |
1891 — 1914 жылдары Санкт-Петербург, Қазан баспаларынан Ақыт Қажының көптеген кітаптары бірнеше рет жарық көрді. Оның шығармалары “А. Алтайский” деген бүркеншік атпен “Айқап” журналына да жарияланып тұрған. Ақыт өлеңді алуан ырғақта насихат, назира, ғақлия түрінде жазған. Ой толғауда Абай мәнеріне ден қояды. Абай өлеңдерін үлгі ете отырып, “Дәлейлул-ғақылия” (“Ақыл түбі”) өлеңдер топтамасын жазып шыққан. “Адамның жасы”, “Асан ата”, “Шыңжан қаритасы”, “Керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” деп аталатын туындылары ел арасына кеңінен таралған. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды.[2]
Ақыт Үлімжіұлы – қазақ руханиятында исламдық бағытты көтерген ойшыл, ғұлама, кітаби ақын. Оның баспа беттерінен жарық көрген еңбектер санының қанша екендігі белгісіз. Дегенмен, қолда бар деректерге негізделгенде Ақыттың нақты баспадан шыққан еңбектер саны – тоғыз:
1. Жиһаншаһ (дастан), 1897 жылы, Қазан баспасы;
2. Қисса-и «Жиһаншаһ Тамузшаһ оғлы» (дастан). 1901 жылы Қазан баспасы;
3. Қисса-и «Сәйпілмүлік» (дастан). 1895, 1909, 1914. Қазан баспасы;
4. Қисса-и «Ғабдімәлік» (дастан), 1902, 1904, 1909;
5. Тәржімә-и Ақыт уәләд, 1897 жылы, Қазан университі баспасы;
6. Ахуал-и қиямет (насихаттық толғау);
7. Қисса-и «Манақыб нуран ғазизан» . Қазан университеті баспасы;
8. Әбият ғақдия (Ғибырат жыр), 1909 жылы;
9. Керей ишаны – Мұхаммед мүмін,
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.