Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақтоғай мыс кен орны - Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстарының түйіскен жерінде орналасқан. Ақтоғай темір жол станциясынан шығысқа қарай 22 км жерде.
Мыс-молибдені бар кенді штокверк 800 м тереңдікке дейін бойлайды, оның ұзындығы 2500 м, ені 50-830 м. Кенді штокверктегі мыс пен молибденнің мөлшері оның ішкі және сыртқы шекарасына қарай азаяды және бұл екі құраушының ең үлкен шоғырлануы бір-біріне сәйкес келеді. Керісінше, пирит минералының мөлшері штокверктің сыртқы контурына қарай көбейеді. Штокверктің сыртқы контуры пирит қабығымен шектелген. Кендегі мысты минералдар да осы заңдылық бағытында алмасады.
Кенді штокверктегі күкірттің мысқа орташа қатынасы 2:1, мыстың молибденге қатынасы 42:1. Штокверктің сыртқы контурында аз мөлшерде қорғасын мен мырыштың минералдануы байқалады. Кен орны бойынша мыстың мөлшері 0,2-1,6%, орташа-0,39%. Ақтоғай мыс кені орнының кентастары жеңіл байытылады, ашық әдіспен өндіруге қолайлы. Темір жол қатынасына жақын орналасқан.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.