АҚШ тәуелсіздік күні
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
АҚШ тәуелсіздік күні (ағылш. US Independence Day) — АҚШ-тың Ұлыбритания Патшалығынан тәуелсіздігін жариялайтын 1776 жылғы АҚШ тәуелсіздік декларациясының қабылдануы. Жыл сайын бұл күн Америка Құрама Штаттарында 4 шілде күні тойланады, сондай-ақ бұл күн АҚШ-тың мемлекеттік мейрамы болып есептелінеді.
АҚШ тәуелсіздік күні | |
---|---|
[[)">Image:Fourth of July fireworks behind the Washington Monument, 1986.jpg|215px|АҚШ тәуелсіздік күні]] | |
Отшашулардың көрсетілімі, 1986 жылы Вашингтон Монументінің үстінде, жыл сайын АҚШ тәуелсіздік күнінде өтеді. | |
Басқаша аталуы | Шілденің төртісі |
Қайда өткізіледі | АҚШ |
Түрі | Ұлттық |
Күн-айы | 4 шілде |
Мейрамдауы | Отшашулар, отбасының жиналуы, концерттер, барбекю, пикниктер, парадтар, бейсбол ойындары |
Тәуелсіздік күні АҚШ-тың азат, әрі тәуелсіз ел ретіндегі туған күні болып саналады. Америкалықтардың көпшілігі бұл күнді күніне қарап атайды — «Шілденің төртісі». Бұл мейрамда отшашулар атылады, парадтар, барбекю пісіру, карнавалдар, жәрмеңкелер, пикниктар, концерттер, бейсбол ойындары, отбасылық кездесулер өткізіледі, сондай-ақ билік адамдары халыққа жолдау жоддайды, әртүрлі рәсімдер өткізіледі. Тәуелсіздік күні — бұл АҚШ-тың ұлттық мейрамы.[1][2][3].
Бұл күн адамдарға 4 шілде, 1776 жылы қабылданған Тәуелсіздік Декларациясы еске түсіреді. 2 шілде Екінші Континенталдық Конгресі дауыс беру арқылы тәуелсіздік резолюциясын құптады. Бұны 2 шілде қаралымға Виргиниядан Ричард Генри Ли жіберді. Бұл уақытта АҚШ-тың қазіргі жерінде, шығыс жағалауды бойлап орналасқан 13 британ колониясының тұрғындары ағылшын патшасына және парламентіне қарсы соғыс жүргізген. Өйткені, 1764 жылы Ұлыбритания парламенті валюта туралы заң шығарды. Бұл заң америкалық колонияларға салықты өздерінің ақшасымен емес, алтын және күміс тиындармен төлеуге міндетті қылып қойды. 1775 жылы соғыс басталды. Томас Джефферсон бастаған "Бестік комитеті" Тәуелсіздік Декларациясын дайындады. Конгресс бұл декларацияны өңдеп, талқылап 4 шілде қабылдады. Осы кезден бастап америкалықтар 4 шілдені тәуелсіздік күні ретінде тойлай бастады. Ал 2 шілде бұл конгресстің жабық отырыста тәуелсіздік резолюциясын қабылдаған күні.
Тарихшылар ұзақ уақыт бойы тәуелсіздік күні жайлы дауласты. Өйткені тарихшылар конгресс Тәуелсіздік Декларациясына шыныменде 4 шілде 1776 жылы қол қойғанына күмәнданды. Тарихшылардың көпшілігі Тәуелсіздік Декларациясына оның қабылданған күнінен бастап екі айдан кейін, яғни 2 тамыз 1776 жылы қол қойылды деген тұжырым шығарды.
Тарихтағы ең қызық оқиға болып Джон Адамс пен Томас Джефферсонның бір күнде қайтыс болуы есептелінеді. Екеуіде Тәуелсіздік Декларациясына қол қойды және кейінірек АҚШ-тың президенті болды, 4 шілде 1826 жылы, Тәуелсіздік Декларациясының қабылдануының 50 жылдығында қайтыс болды. Тәуелсіздік Декларациясына қол қоюына қатыспаған АҚШ-тың бесінші президенті Джеймс Монрода 4 шілде 1831 жылы қайтыс болды. АҚШ-тың отызыншы президенті Калвин Кулидж 4 шілде 1872 жылы туылды. Осы себеппен ол АҚШ-тың тәуелсіздік күнінде туылған жалғыз АҚШ президенті болып есептелінеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.