From Wikipedia, the free encyclopedia
Жергілікті ағынды (Сток) —
Ағынды көлемі (Объем стока) — белгілі бір уақыт аралығында ағып өткен немесе суқоймаға (бөген, көл) ағып жиналған су ағыңдысының көлемі, м3/тәулік, млн.м3/ай, км3/жыл және т.б. бірліктерімен өлшенеді. Мыс., Іле өзеннің Қытай Халық Республикасы шекарасындағы тұстамадағы ағынды көлемі жылына орта есеппен 12,65 км3 (км3/жыл). Қаратал өзенінің Балқашқа құятын ағынды көлемі — 3,2 км3/жыл және т.б.[1]
Ағынды факторлары — қарастырылып отырған алаптағы ағындының шамасы мен қалыптасу ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы физикалық географиялық ортаның элементтері. Ағынды факторларын климаттық деп (жауын шашын, булану, ауаның температурасы) және төсеніш беттің (топырақ геологиялық жағдайлар, ормандану, батпақтану дәрежесі және т.б.) ерекшеліктерін көрсететін физикалық географиялық деп бөледі. Сонымен бірге ағынды факторлары зоналық (климаттық), бейзоналық (алап ауданы, өзен үзындығы және т.б.) және интрозоналық немесе осы зонамен байланысты зонаішілік болып бөлінеді. Ағынды шығыны табиғи және антропогендік әрекеттер әсерінен болатын су шығындары.[1]
Ағынды фазалары (Фазы стока) ағынды гидрографының қалыптасу процесінің элементтері. Олар қоректену жағдайының өзгеруіне орай: 1) су тасу кезеңі; 2) тасқындар кезеңі; 3) судың сабасына түсу кезеңі болып сараланады.
Су тасу кезеңі жыл бойындағы ең көп сулылығымен, су деңгейінің биік әрі ұзақ көтерілуімен және, әдетте, судың жайылмаға тығуымен сипатталады. Басты қоректену (толысу) көзіне тікелей тәуелді (жазық өзендері үшін — қар еруі, биік тау өзеңдері үшін — мұздықтар мен қарлар еруі, муссондық және тропиктік аймақтар үшін — жазғы ұзақ жаңбырлар). Бір климаттық белдеудегі өзендер үшін су тасу кезеңі жыл сайын тұрақты қайталанып, тек ұзақтығы мен күші өзгеріп отырады. Іле өзені су тасу фазасы көктем жаз болса (мұздықтар мен жауыншашын), Нұра өзені үшін жазғытұрымғы бір ай (көктемгі қар еруі). Тасқын су фазасы жыл сайын қайталан байды және су деңгейінің тез әрі қысқа мерзімде көтерілуімен сипатталады. Таскындар ұзақ нөсер немесе қысқы жылымықта қар еру барысында қалыптасады. Кей жағдайларда (әсіресе кішігірім алаптарда) тасқынның биіктігі су тасуының биіктігінен асып түсуі мүмкін. Судың сабасына түсу кезеңі өзен сулылығының аздығына және жер беті ағындысының азаюына немесе сарқылуына байланысты су деңгейінің төменгі қалыпта ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Бұл фазада өзен негізінен жер асты суымен қоректенеді. Көпшілік өзендерде судың сабасына түсуінің кезеңдері жазғы және қысқы кезеңдер болып бөлінеді.[1]
Беткейлік ағынды — беткей шегінде калыптасатын, арнасыз, жер бетіндегі және грунттық ағынды. Арналық ағындыдан гидравликалық айырмашылықтары бар және ағындының негізгі шығындары (сүзілуге, булануға) су жинау алабының бетіңде тегіс үлестіріледі. Б.а. алаптың барлық беткейін де тұтас жүреді.
Реттелген ағынды — тасқын ағысы тегістеліп (сыланып), өзен сабасына түскен кезде ағыс көбейтілетіндігімен сипатталатын ағынды. Инженерлік шаралар (мыс., бөген мен гидротехникалық имараттар салу) нәтижесінде және өзең суының табиғи қоймасының (көл) болуынан қалыптасады.
Тұрмыстық ағынды су — коммуналдық шаруашылықтың сұйық қалдықтары.[1]
Ағынды жиналу аймағы (Область формирования стока) — кез келген өзен, көл, теңіз алабының негізінен ағынды қалыптасатын, жауын-шашын булануға, топыраққа сіңуге шығындалудан артық жауатын аймағы. Аридтік аймақтарда ағынды жиналу аймағы негізінен таулы аймақтар болып табылады. Мыс., Төңіртау жоталары Балқаш көлі алабының ағынды жиналу аймағы болып табылады. Іле, Қаратал, Шелек және т.б. өзендер ағындылары тауларда қалыптасып, тау баурайындағы жазықтарда суаруға, булануға шығындалады. Ал гумидті аймақтарда ағынды жиналу аймағына су жиналу алабы түгел кіреді.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.