From Wikipedia, the free encyclopedia
Ағаулар (өз атауы агав) — Эфиопияның солтүстігіндегі кушит халықтарының тобы: Авийя – Гана көлінің оңтүстігінде; кайла, куара, кемант, т.б. - Тана көлінің жағасында; камир мен камта – Ласта аймағында; бого немесе билин - Кэрэн қаласының ауданында. Жалпы саны 810 000 адам. Эфиопиядағы саны 733 мың адам. (1998 ж. санақ), Эритреяда – 76 мың адам. (2000).[1]
Ағаулар | |
агав | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
810 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Эфиопия |
733 000 |
Эритрея |
76 000 |
Тілдері | |
ағау тілі | |
Діні | |
христиандық,яһудилік, жергілікті діндер |
Тілі ағау тілі. Амхар және тиграй тілдері де кең таралған.[2]
Ағаулар негізінен христиандар, кейбірі иудаистер және жергілікті синкреттік дінді ұстанушылар кездеседі.[3]
3-6 ғасырларда ағаулар Тигр үстіртінің оңтүстігінде княздық құрды. 10 ғасырда басқа князьдіктер пайда болып, иудаизмді қабылдаған солтүстік-батыс агау-фалаша мен шығыс агау-христиандар (камир мен камтаның ата-бабалары) арасында күрес басталды. 14-16 ғасырларда ағауларды христиандандыру жалғасты. 18-19 ғасырларда амхара және тиграй халықтарының барлық ағау топтарымен ассимиляциялануы күшейді.[4]
Негізгі кәсібі – беткейлер мен тау бөктерлерінде егіншілік, сонымен қатар ірі және ұсақ мал өсіру және ара шаруашылығы. Қолөнерден керамика, ұсталық болды.[5]
Христиандық емес топтар дәстүрлі әлеуметтік ұйымның элементтерін сақтайды: бас діни қызметкерлер және рулық ұйым кемант. Агаулар ежелгі аңыздарды, мифтерді сақтайды.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.