From Wikipedia, the free encyclopedia
Ахметжан Сәлімбаев (1926, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылы - 1987, Алматы қаласы). Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1968), Қаз ССР геология министры (1965-1967).
Ахметжан Сәлімбаев 1926 жылы Ақши ауылында дүниеге келді. Әкесі Сәлімбай Андақбайұлы ауыл молдасы, анасы Жұмақ Төлендіқызы (Тау Шапай (қазіргі Қарағайлы ауылының тумасы) арапша хат танитын кісі болған.
XX ғ. 20-шы жылдары отбасы қуғынға ұшырап, әке-шешесі Төңкеріс ауылына аударылып, қамауда болды. Сәлімбайдың ағасы Медербай ұжымдастыру науқанында бай болғаны үшін тәркіленіп, кейіннен қырғызға асу жолында аштан өледі, артынан бәйбішесі де аштан өлген. Баласы Әбдінағым жалғыз қалып, қара күз бен қыста далада киімсіз жүргендіктен бала кезінде аяқ-қолы тартылып, өмір бойына мүгедек болып қалған. Алайда ол есейіп, отбасын құрып, мүгедектер үйінде ұзақ жыл бас бухгалтер болып істеп, кейіннен өзі туған өлкесі туралы көп естеліктер жазған. Медербайдың екінші әйелімен бірге кіші ұлы Әбдіғани Талдықорған облысына қашып, қуғыннан аман құтылады. Кейіннен ағасы Сәлімбай оны іздеп тауып, Әбдіғани өз ауылына оралады.
Ахметжан отбасында екінші бала болады. Үлкен ағасы Әбдіғалым Сәлімбаев, ҰОС ардагері, Сталинград шайқасына қатысқан, кейіннен мектеп директоры, Еңбекшіқазақ ауданы білім басқармасының басшысы болған. Інісі Махмұт Андақбай құрылысшы-инженер, түрлі құрылыс мекемелерін басқарды, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы. Кіші інісі Мұхтар Андақбаев - ҚР құрметті теміржолшысы.
Ахметжан Жеті жылдық қазақ мектебінде оқып, өз ауылында бала кезінде хат танымайтын үлкен кісілерге мұғалім болған. Оқушыларының ішінде колхоз басшылары да табылатын.
16 жасында Ұлы Отан Соғысына өз еркімен аттанып, Балтық флотындағы майданда болады.
Соғыс біткеннен кейін де 3 жыл әскери борышын жалғастырып, орта мектепті экстернмен бітіріп, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік Техникалық Университетіне түседі. Алайда, әкесінің алысқа кетуге қарсы болғанына көніп, Қазақ тау-кен-металлургия институтына (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) ауысады .
Қазақ тау-кен-металлургия институтын бітірген (1956).
Қостанай облыстық партия коммитеті пленумының мүшесі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты
Еңбек Қызыл Туы орденімен, медальдармен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.[2][3] [4]
полезных ископаемых. –М., 1981. – Т. 13. – С. 284-297. (Соавт.: Т.М. Лаумулин, Н.П. Сенчило, А.С. Салимбаев и др.).
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.