From Wikipedia, the free encyclopedia
Афазия (көне грекше: ἀ - теріс бөлшек, және φάσις - көрініс, мәлімдеме) — адамның сөйлеу қабілетінен жартылай не біржола айырылуы. Мұндай кемістік мидағы сөйлесу орталықтары мен қан тамырларының ісініп, бас сүйегінің зақымдалу салдарынан болады. Ми алашарының белгілі орталығы зақымдалуына қарай А.-ның мынадай екі түрі бар: қимыл-қозғалыс А. мен сезімдіk А.
Қимыл-қозғалыс А. бойынша баланың сөйлеуі біржола жоғалады немесе айтайын деген ойын үзілді-кесілді бірер сөздерді атаумен шектеледі. Мұндай жағдайда сөйлеудің дыбыстық үйлесімі мен буындары, сондай-ақ буындар мен сөздердің бір-бірімен байланысы болмайды. Мұндай кемістігі бар балалар өзгелердің сөзін де шала-шарпы ұғынып, оларға толық жауап қайтара алмайды.
Қимыл-қозғалыс А. кеміс болған баланың оқуы мен жазуына да әсер етіп, олар жеке дыбыстар мен сөздерді де дұрыс айта алмайды. А.-ға ұшыраған балалардың сөйлеуін қалпына келтіру үшін оның естуі мен көру талдағыштарының жұмысын жандандыратын шаралар қолданып, сөйлеудің қимыл-қозғалыс жүйесін қалпына түсіретін дағдылар қалыптастырылады. Сонымен бірге ондай балалардың сөздерді дұрыс айтып, грамматикалық құрылысын үйренулері үшін машықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Сезімдік А. бойынша бала сөздердің мәні-мағынасын ұғына алмайды, сөздер мен әріптердің дыбысталу ерекшеліктерін ажырата алмай қиналады. Алайда бала бөгде дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетін жоғалтпайды. Сезімдік А. баланың сөйлеу қабілетін қалпына келтіру бағытында оның есту, көру талдағыштарының қызметін жандандырып, дұрыс сөйлеу мен жазу-сызуға деген әрекетін дамыту арқылы сөздердің мағынасын дұрыс түсіне білуге жүйелі түрде машықтандырады. Қимыл-қозғалыс пен сезімдік А-лар өзге балалардың сөйлеуі мен сөз мағынасын түсіну қабілетінен біржола айырылып қалуы сияқты кемістікке де ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ А-ға байланысты кейбір сөздердің мәнін ұмытып қалуы сияқты кемістікке де душар болады. А. бала психикасының қалыпты дамуына кедергі жасағанмен оны ақыл-ойы кеміс балалар қатарына жатқызуға болмайды. Баланың сөйлеуіндегі А. қалпына түсіру үшін логопедиялық шаралар қолданып, емдеу жұмыстары жүргізіледі. А. сөйлеу әрекетінің әрқилы түрлерінің жүйелі бұзылуын білдіреді. А. сөйлеу аппараты әрекеттерінің және естудің қарапайым түрлерінің сақталуы жағдайында сөйлеудің фонемалық, морфологиялық және синтаксистік құрылымының бұзылуы түрінде көрініс табады. Нейролингвистиканың түсініктеріне сәйкес А. келесі себептерден пайда болған жүйелі бұзылыс болып табылады: алғашқы реттік дефект; алғашқы реттік дефектінің салдарынан болатын екінші ретті бұзылыстан; бұзылған функцияны компенсациялауға бағытталған ми қызметін функциялық өзгертуден. А. сөйлеу іс-әрекетінің бұзылысына әсер еткен фактордың біріне байланысты жеті түрін біліп көрсетеді:
Ср. Анартрия.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.