Атырау аграрлы техникалық колледжі — 1948 жылы 18 шілдеде Мақат ауданындағы Ескене өндірістік орталығында зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумы болып ашылды. Алғашында екі мамандық бойынша (зоотехник, мал дәрігерлік) мамандар даярлады.

Колледж басшылығы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аманғалиева Жұмағаным Насиболлақызы
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қабдолов Қанат Тарихұлы
Директордың оқу-өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары Дюсембаев Орынбай Салхамұлы
Директордың шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары Ізбасаров Есен Халелұлы
Бас бухгалтер Жүнісова Айнагүл Бақтыгерейқызы
Әдіскер Жұмақұлова Ақкенжеш Мұхтарқызы

Колледж тарихы

Атырау аграрлы техникалық колледжі өзінің білім беру қызметін 1948 жылдың 18 шілдесінен бастады. Ескене атты өнеркәсіп орталығында сол жылы зооветеринарлық техникум ашылған болатын, кейін 1953 жылы техникум облыс орталығына ауыстырылды, ал 1954 жылы оқу орны облыстық ауыл шаруашылығы техникумы болып өзгерді. Сол жылы техникумда техник- механик, агроном және есепшілер дайындайтын мамандықтар ашып, оқушылар қабылданды. 1997 жылдың мамыр айында (Атырау облысы әкімінің 30.05.1997жылғы №437 шешімі) Гурьев ауыл шаруашылығы техникумы мен Гурьев балық өнеркәсібі техникумын біріктіріп, Атырау аграрлы- техникалық колледжі болып қайта құрылды. Казіргі уақытта колледжде екі оқу ғимараты, жабық спорт кешені, жазғы спорт алаңы, «Автомобиль көліктерін жөндеу, техникалық қызмет көрсету, пайдалану» мамандығы бойынша оқу кабинеттерімен қамтылған екі шеберхана бар, сонымен қатар, мамандарды даярлайтын және қайта даярлайтын «Инновация» орталығы, кітапхана, оқу залы, асхана, акт залы, мұражай бар. Колледждің ресми атауы- «Атырау аграрлы- техникалық колледжі » коммуналды-мемлекеттік қазыналы кәсіпорын. Колледж коммерциялық емес кәсіпорын, өзінің дербес есеп шоты мен балансы бар заңды тұлға болып табылады. 07.12.2013жылға дейін жарамды, 07.12.2010ж. алынған № KZ 2710871070306525 СТ РК ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» атты сертификатқа ие. Колледж өзінің білім беру қызметін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің АА сериялы № 0010053 23.12.2002 жылы берілген мемлекеттік лицензиясына сәйкес жүзеге асырады.

Мақсаттары мен міндеттері

Колледждің стратегиялық мақсаттары:

- жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып;

- ішкі және сыртқы нарыққа жоғары квалификациялы мамандар даярлау;

- отандық және шетел кәсіпорындарымен серіктестік байланысты кеңейту;

- отандық ересек мамандарды қайта даярлайтын және мамандардй даярлай тын түрлі деңгейлі көпбейінді оқу орнын құру;

- білім беру сапасын бақылау жүйесін қалыптастыруды жалғастыру;

- жұмыс берушілердің жаңа компетенцияларға сұраныстарына байланысты мамандар даярлауда жаңа технологияларды пайдаланып білім берудің жаңа сапасына жету;

- колледждің білім беру үрдісінің барлық тараптарының денсаулығын сақтау үшін дені сау ортаны жан- жақты қалыптастыру;

- әлеуметтік серіктестік жүйесін кеңейту және келісім-шарт бойынша мамандар даярлауды қалыптастыру (оқытудың дуалдық жүйесін енгізу);


Колледждің ұзақ мерзімді мақсаттары:

- Еңбек нарығының сұраныстарына орай жұмыс берушілер мен білім беру қызметін пайдаланушылардың сапа мен мазмұнға қоятын талаптарын ескере отырып, сұраныстарын қанағаттандыру;


Тактикалық мақсаттары

  Колледждің миссиясы мен дамуының негізгі бағыттарына байланысты  төмендегідей негізгі тактикалық мақсаттар анықталған:

- Жаңа буын мемлекеттік стандарттарына сай кәсіби оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларын жасақтауға қатысу;

- Цикл пәндері мен кәсіби модульде пәндерді меңгеруге қойылатын талаптарды жүзеге асыру;

- Маманға тән жалпы және кәсіби компетенцияларды анықтау;

- Жұмыс берушілермен бірлесе отырып, жалпы және кәсіби компетенцияға негізделген мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жасақтау;

- Жұмыс берушілердің белсенді араласуымен маманның компетентті моделін қалыптастыру;

- Негізгі білім оқу бағдарламаларының мазмұнын түлектің өңірде қажеттілікке ие кәсіби қызметіне бағыттау;

- Студенттердің жалпы және кәсіби компетенцияларын анықтайтын бағалаудың жаңа әдістері мен түрлерін қалыптастыру және бекіту;

- Іс-әрекетке, тәжіриебеге және оқытудың интерактивті технологияларына басымдылық білдіріп, білім беру үрдісін оңтайландыру;

- Білім беру үрдісінде сабақтың белсенді және интерактивті түрлерін пайдалану (іс – тәжірибенің кезінен жағдаяттарды талдау, еңбек әрекетін имитациялау, проблемалық оқыту, жобалау әдісі, рөлдік және іскерлік ойындар, оқу эксперименті, т.с.с )

- Оқытушының функциясын өзгерту (тәлімгер, кеңес беруші, тьютор, эксперт);

- Оқу бюджетінің уақытын іс-тәжірибеге қарай қайта бөлу;

- Білім беру үрдісінде студенттерді белсенділендіру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру,студентке өзінің білім алу траекториясын анықтауға қатысуға мүмкіндік жасау ;

- Студенттерді қызметтің жаңа түрлері мен әдістерін игере отырып, өмірдегі маңызды және әлеуметтік – қажетті мәселелерді шешуге дағдыландыру.

- Жеке тұлғаның өзін өзі дамытуына бағдар беру, туындаған мәселерді шығармашылықпен өз бетінше шешуге үйренуге жағдайлар туғызу;

- Кәсіби қызметіне және білім алу үрдісіне жоғары мотивация қалыптастыру;

- Кадрлар ресурстарының сабақ беру мәселелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету;

- Пәнаралық курстарда кәсіби бағалау және кәсіби компетенцияларды қалыптастыру технологиясы бойынша оқытушылардың біліктілігін көтеру;

- Оқытушылардың облыс көлеміндегі кәсіпорындарда нәтижелі тағылымдамадан өтуді жүзеге асыру;

- Материалдық- техникалық базаны модернизациялауды жалғастыру;


Қысқа мерзімді (оперативті) мақсаттар:

- Колледждің институциональды аккредитациядан өтуін қамтамасыз ету;

- Мамандықтар бойынша оқу жоспарларының және бағдарламаларды дайындау жұмыстары туралы үнемі мәлімет жинап отыр;

- Колледж бойынша жалпы және кәсіби компетенциялары бойынша меңгерген білім сапасын бақылау жүйесін жасақтау, біліктілікті сертификаттау;

- Оқу үрдісіне электронды оқу модульдерін, электрондық оқу бағдарламаларын, электронды оқыту құралдарын енгізу арқылы студенттің өз бетімен оқу жоспарын меңгеруді қамтамасыз ету;

- Жас және жаңадан қабылдаған оқытушыларды оқыту технологияларын игеруді қалыптастыру;

- Оқытудың әр деңгейінде студенттердің білім сапасына мониторинг жүргізу;

- Оқытудың мазмұнының өзгеруіне байланысты болашақтағы жоғары мәдениетті, азаматтық көзқарасы қалыптасқан, әлеуметтік, интеллектуалдық, кәсіби шығармашыл, бәсекеге қабілетті маманның қалыптасуына оптимальды жағдайлар туғызу;

- Колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің нәтижелі қызмет етуін қамтамасыз ету;

Міндеттер:

- Колледждің өзін өзі зерттеу мақсатында студенттер арасында пәндердің барлық блоктары бойынша сараптама өткізу;

- Барлық алынған нәтижені өңдеп, жүйелеу, олардың оқыту жүйесіне сәйкестігін анықтау;

- Үздіксіз іс- тәжірибеге бағытталған оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен мазмұнын жетілдіру;

- Болжауды, модельдеуды, маркетингтік және мониторингтік қызметін және сапаны басқару жүйесін құру;

- Тұрақты білім беру үрдісінің сапалық көрсеткіштері мен критерийлерін анықтау;

- Оқу-әдістемелік және ғылыми- әдістемелік базаны модернизациялау (оқу-әдістемелік кешендер, құралдар дайындау, электронды оқыту ресурстарын, электронды лекциялар курсын, электронды оқулықтар, презентациялауға арналған мультимедиялық бағдарламалар, т.с.с.)

- Модульді- компетенциялық бағыттағы жаңа мазмұнды қазіргі заманғы технологиялар мен ақпаратқа негізделген оқу-лаборатоориялық база құру;

- Компьютерлік парк пен бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартуды жалғастыру;

- Телекоммуникация құрылғылары , интернет желілері арқылы ақпараттық білім беру кеңістігін құру;

- Түрлі формада педагогтардың біліктілігін көтеру жүйесін жетілдіру арқылы кадрлық қамтамасыз ету қызметінің сапасын жақсарту;

- Маркетингтік қызметті дамыту;

- Қосымша білім беру кешенінің оқу бағдарламасын құруды жалғастыру, орта кәсіптік білім бойынша мамандар даярлауды,тағылымдамадан өутді жалғастыру ;

Мамандықтар

1511000«Жерге орналастыру»

1509000 – «Экология мен табиғат қорғау қызметі»

1204000 «Су көлікті пайдалану»

1119000 «Тоңазытқыш-сығымдағыш машиналары мен қондырғылары»

0911000 –«Электр және электрлік-механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу (түрлері бойынша) »

1401000- «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану»

0518000 - «Есеп және аудит (салалар бойынша)»

1304000 - «Есептеуіш техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру»

0512000 «Аударма ісі»

1513000 – «Ветеринария»

1504000 - Фермер шаруашылығы

Сыртқы сілтемелер

Атырау аграрлы техникалық колледжі Мұрағатталған 17 қазанның 2013 жылы.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.