Remove ads
әртүрлі географиялық карталар, оларға қатысты мәліметтер жиынтығы From Wikipedia, the free encyclopedia
Географиялық Атлас — географиялық карталардың біртұтас жүйелі жинағы. Олар көпсалалық карталарға ортақ жалпы бағдарлама бойынша құрастырылады. Ең алғашқы қолжазба түріндегі карталар жинағын б.з-дың 2 ғ-ында Клавдий Птолемей жасаған. Географиялық карталар жинағына “Атлас” деген ұғымды алғаш рет (1595 ж.) фламанд картографы Меркатор енгізген. “Атлас” атауы аңыз бойынша аспан әлемінің глобусын алғаш рет жасаған Либияның мифтік королі Атластың есімімен аталған. Географиялық Атластың мынандай түрлері болады: аумақтық қамтуына қарай — дүние жүзінің, жеке елдің, облыстың, аудан мен аймақтың, т.б. атластары; мазмұнына қарай — жалпы геогр. карталар атласы, салалық атластар (мыс., геол., және климаттық, а.ш., т.б.); көптеген өзара байланысты құбылыстардың (мыс., Дүниежүзі мұхиттың климаты мен океанографиясы) не көрсетілетін аумақтың толық сипатын беретін кешенді атластар; арналған мақсатына қарай — ғыл.-анықтама, өлкетану, оқулық, туристік атластар; көлемі жағынан — бірнеше томдық үлкен атластан қалта атласына дейін болады. Қазақстан жері көрсетілген тұңғыш тақырыптық карталар жинағы (“Ресейдің Азия бөлігінің атласы”) 1913 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Одан кейінгі жылдары елімізде “Қостанай облысы” (1963), “Қарағанды облысы” (1969), “Тың өлкесінің атласы” (1964), “Қазақстанның солтүстік облыстары” (1970), Қазақ КСР-нің атласы (2 томдық, 1982 және 1985) және бір томдық “Қазақ КСР-нің физикалық атласы” (1990) басылып шықты.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.