From Wikipedia, the free encyclopedia
Астрономиялық бірлік (халықаралық ықшам таңбасы AU кейде au, a.u. немесе ua деп жазылады, қазақша аб, немесе АБ) — астрономияда қашықтықты өлшеудің тұрақты бірлігі болып, ол әдетте жер шары мен күннің арақашықтығына сай белгіленген. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтыққа тең ұзындық.[1] Көбінесе жұлдызара, жұлдыздық денелер ара алыс қашықтықты өлшеуге қолданылады. Бұрын ол 149 597 871 000 м (92 955 807 ағылшын милі) делінсе қазіргі түзетілген нұсқасы 149 597 870 700 м. Бұл шамалап айтқанда 150 млн км, немесе 93 млн ағылшын милі болмақ.
Бұл қашықтық идеалдастырылып, вакуумдағы қашықтыққа айналдырылды, яғни ол ендігі жерде күн мен жердің емес, кез келген ғарыштық қашықтыққа бірлік ретінде тұрақты қолданылады және ол жер шары мен күн қашықтығының кейінгі өзгерісіне бола өзгермейді.
Тұңғыш рет Жердің күнді айналатынын айтып кеткен ежелгі Грек астрономы Аристарх ай мен күннің ажырау бұрышы 87° екеніне негізделіп, жердің күннен мөлшер қашықтығы жер мен айдың қашықтығының 18 ден 20 ға дейінгі есесіндей деп есептеген болатын(Іс жүзінде 390 есе).
1976 жылы Халықаралық астрономия одағы(IAU)аб -ның (AU) дәл шамасын айқындап, Гаусс гравитация тұрақтысы (k) арқылы ұзындық, уақыт, масса бірліктерін белгіледі және 0.017 202 098 95 мәнін қашықтықты өлшеуге пайдаланатын астрономиялық бірлік етіп белгіледі.[2][3][4]
2012 жылы тамызда Пекинде өткен Халықаралық астрономия одағының 28 кезекті бас ассамблея(IAU) жиналысында астрономдар атсыз дауыс беру амалымен жаңа тұрақты мәнді бекітті. Ол метрмен белгіленген тұрақты шама болып, нақты 149,597,870,700 метрге тең.[5][6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.