Астродинамика - жасанды аспан денелерінің, Жер мен Айдың жасанды серіктерінің, ғаламшар аралық автоматты стансаларының т.б. аспан денелерінің қозғалысын зерттеуге арналған аспан механикасының көп қолданылатын жаңа бөлімі[1].

Thumb
Орбатилардың бұрыштық көрсеткіштері.

Астродинамика алғашқы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін (1957 ж.) тез дами бастады. Астродинамика әдебиеттерде "космодинамика", "аспан баллистикасы", " ғарышқа ұшу динамикасы" деген терминдер түрінде де кездеседі. Классикалық аспан динамикасында Ньютонның тартылыс заңы бойынша аспан денелерінің өз ара тартылысы ескерілсе, ал Астродинамикада оған қосымша Жер атмосыерасының кедергісі, күн сәулесінің қысымы, Жердің магнит өрісі, космостық аппараттардың автоматты түрде немесе Жерден берілген команда бойынша басқарылатындығы еске алынады.

Жасанды аспан денелерінің қозғалысын анықтау үшін Астродинамикада бұрыннан дамыған классикалық аспан механикасының әдістері қолданылады. Бірақ жасанды аспан денелерінің қозғалысына көптеген күш әсер ететін болғандықтан, олардың қозғалыс теңдеулерін құрғанда, аналитикалық механиканың, аэродинамиканың, автоматтық басқару теориясының т.б. жетістіктерді пайдаланылады. Ал осы теңдеулерді шешу үшін жаңа тәсілдер жетілдірілуде.

Жасанды аспан денелерінің орбиталарын анықтау үшін электрондық есептеуші машиналар қолданылады. Мұнан басқа классикалық аспан механикасында кездеспейтін, Астродинамиканың өзіне тән орбиталарды жобалау мәселесі бар. Мұнда жасанды аспан денелерін ұшыру шарттары және олардың қозғалысын алдын ала белгіленген шарттарға келтіретін басқару программалары қарастырылады.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.