Намыс — адамның жан дүниесі мен отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. Намыстың адамның адамдық келбетін айқындайтын асыл қасиеттердің бірі. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық ар қазынасы екенін танып білсе, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе, ол шын мәніндегі арлы адам болатыны күмәнсіз.

Намыстың тағы бір көрінісі

Намыстың тағы бір көрінісі – қоғамдағы өз орнын белгілегеннен кейінгі қауым алдындағы өзінің адамдық борышы, халқына еңбек ету бағытындағы адамның отансүйгіштік сезімі. Бұл оның ұлттық құндылықтарын түйсінуінен, туған халқымен етенелігін сезініп, оның рухани мұраларына деген риясыз ықыласынан және туған елін қорғауға ұмтылысынан байқалады. Сондай-ақ отбасының мұң-мұқтажын қамтамасыз ету және оны қорғаумен байланысты намыс тағы да көрініс береді. Адам өзі қымбат деп білген нәрсесін неғұрлым қастерлеп, құрметтесе және оған сүйіспеншілік сезіммен қараса – бұл намыстың белгісі.

Демек, намыс адамға тән асыл ізгі махаббат сезімімен тығыз байланысты. Махаббат намыстың сезімдік қайнары болса, намыс махаббаттың құндылықтық мәні, әрекеттік қыры. намыс адамның жігерін жанып, ерлік пен тәуекелге жетелейтін, табандылығын арттырып, қажыр-қайрат беретін қуат. Баянсыз нәрселер үшін бәсекеге түсу намыстың белгісі емес. Ал адам қадір-қасиеті мәлім нәрселерді сыртқы жаудан қорғаумен қатар, ішкі жаудан яғни адамның өз бойындағы ішкі кеселдерінен қорғауының да маңызы зор және бұған өте көп күш-қайратын жұмсауға тура келеді.

Намыс деңгейі адамның өз бойындағы нәпсіқұмарлық, қиянатшылдықпен күресінен де көрінеді. Себебі жоғарыда аталған құндылықтарға сыртқы дұшпанның жаулығынан гөрі адамның рухани азғындауымен ұштас қандай да бір қадірлі нәрсенің қасиетін жоятын нәпсіқұмарлықтың жаулығы басым.

Намыс туралы басқа көзқарастар

Моральдік сананың кең таралған ұғымдарының бірі. Ар сияқты, бұл да әдептік санатқа жатады, жеке адамның өзінің қоғамдағы мәртебесін тұтынуынан және қоғам тарапынан оның мойындалуына ұмтылысын көрсетеді. Намыстың өлшемдері қоғам алға басқан сайын тарихи өзгерістерге ұшырап тұрады. Жеке адамның намысы оның өзінің басының абыройын сақтауға тырысуымен байланысты. Ұжымның немесе қоғамның намысы жеке адамдардан құралған топтың әлеуметтік жағдайларымен және мүмкіндіктерімен қозғалады. Намыстың ең басты ерекшелігі оның асқақтығында, қасиеттілігінде. Сондықтан адамдар бар мүмкіндіктермен оны қорғауға тырысады.

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.