From Wikipedia, the free encyclopedia
Архангельск облысы (орыс. Арха́нгельская область, ауызекі тілде — Помо́рье) — Ресейдің Солтүстік Еуропалық бөлігіндегі 1937 жылы 23 қыркүйекте құрылған субъекті. Құрамына арктикалық архипелагтар: Франц-Иосиф Жері және Жаңа Жер және Соловецкий аралдар тобы кіреді, Ненец автономиялық округі, Колгуев және Вайгач кіреді. Баренц және Кар теңіздерімен шектеседі. Жерінің ауданы — 589 913 км² және халық саны — 1 202 295[1] адам (2013 жылғы мәлімет бойынша). Әкімшілік жағынан 19 ауданға бөлінеді, 11 қала, 37 қала типті посёлкалар бар. Орталығы — Архангельск қаласы.
Ресей Федерациясының субъектісі, облыс | |||||
Архангельск облысы | |||||
орыс. Архангельская область | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Федералды округі |
Солтүстік Батыс | ||||
Экономикалық ауданы |
Солтүстік | ||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Губернаторы |
Александр Витальевич Цыбульский | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Құрылған уақыты | |||||
Жер аумағы |
589 913 км² (8 (12) орын) | ||||
Биіктігі · Орташа |
| ||||
Уақыт белдеуі |
UTC+3, МСК | ||||
Ірі қаласы | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▼ 1 114 322 адам (2022)(44 (47) орын) | ||||
Тығыздығы |
1,89 адам/км² | ||||
Ұлттық құрамы | |||||
Ресми тілі | |||||
ISO 3166-2 коды |
RU-ARK | ||||
ОКАТО коды} |
11 | ||||
РФ субъектінің коды |
29 | ||||
Архангельск облысы Шығыс Еуропа жазығының солтүстік-шығысын алып жатыр. Орталық бөлігі - адырлы жазық (абсолюттік биіктігі - 150-250 м)., оның шығыс жағында солтүстіктен оңтүстікке созылған Тиман Бұйраты (303 м) мен Пай-Хой (467 м) жотасының аралығында Печора ойпаты бар. Климатты қатаң, қысы суық, жазы салқын. Қаңтардың орта температурасы -12,5°С-тан -20°С-қа дейін, шілдеде +8°С-тан +17°С-қа дейін. Жауын-шашынның жылдық орта мөлшері 350-550 мм. Солтүстік шетін көп жылдық тоң басқан.
Басты өзендері:
Ірі көлдер:
Архангельск облысының жері негізінен күлгін және батпақ топырақты. Жерінің 45 %-ы (18,5 мле га) қылқан жапырақты орман. Жануарлардан: бұғы, ақ түлкі, тиін, аю, қасқыр, құстардан: шіл, құр т,б, кездеседі.
Архангельск облысы - Ресейдің халқы өте сирек орналасқан аудандардың бірі. Орта тығыздығы - 1 км-ге 2.04 адам. Облыстың солтүстігінде, Солтүстік Двина өзені бойында халық тығыздау қоныстанған. Қала халқы - 76.0%. Ірі қалалары: Архангельск, Северодвинск, Котлас, Онега. Сольвычегодск мен Солонихада бальнеологиялық курорттары бар.
Негізгі шаруашылық орталықтары: Северодвинск, Новодвинск, Котлас, Коряжма, Няндома, Вельск қалалары.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Arkhangelsk Oblast |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.