Англикан шіркеуі - ағылш. The Church of England - протестант шіркеуілерінің бірі; құдайға құллшылық ету жолы мен ұйымдық принциптері жағынан басқа протестант шіркеулеріне қарағанда католик шіркеуіне жақын.
Англикан шіркеуі - Англияның мемлекеттік шіркеуі. 16 ғасырдағы Реформация кезеңінде пайда болған.
Оны король басқарды ("Суперматия туралы акт", 1534). Оның діни уағызы мен ұйымдық формалары негізінен католиктік күйінде қалды. Эдуард VI тұсында Томас Кранмер (1547-1553) протестант және католик дінінің уағыздарынан құрастырып жазды.
Елизавета Тюдор тұсында "39 сүредегі" (1571 ж.) діни уағыз кальвинизмге сәл жақындатылды. Англикан шіркеуі абсолютизмнің берік тірегіне айналады. 17 ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясының теңгеурінімен таратылды, ал 1660 ж. Стюарттар әулеті тұсында қалпына келтіреді.
Англикан шіркеуі басшысы - король; епископтарды іс жүзінде сол тағайындайды. Олардың ішіндегі ең үлкені - кентерберий архиепископы, одан кейінгісі - йорк епископы. Епископтардың едәуірі лордтар палатасына мүше. Шіркеудің негізгі ережелерінің бәрін парламент бекітеді. Шіркеуді ұстауға жұмсалатын шығынды көбінесе мемлекет көтереді. Англикан шіркеуінің жоғарғы иерархиясы финанс олигархиясы мен және Англияның ақсүйек жер иелерімен тығыз байланысты.
Англикан шіркеуінде 3 бағыт бар:
- жоғарғы шіркеу (High Church) католицизмге негұрлым жақын;
- төменгі шіркеу ( Law Church ) пуратанизм мен пиетизмге жақын;
- кең көлімдегі шіркеу (Braod Church) барлық христиандық ағымды (Англикан шіркеуіндегі басты бағыт) біріктіруге тырысады.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.