From Wikipedia, the free encyclopedia
Амфитеатр – түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап, Көне Рим жұрты салған алып құрылыстар. Мұнда тағы аңдарды қуу, талату, гладиаторлар сайыстары өткізіліп тұрған. Амфитеатрдың ортасында дөңгелек майдан алаңы бар, көрермендердің орындары тұйық шеңберленіп келеді де, сатылай көтеріле береді. Амфитеатрдың бізге жеткен түрлері Римнен (Колизей), Веронадан, Помпейден, Арле мен Нимнен және Рим империясының (қазіргі Италияның), т.б. қалаларынан кездеседі. Қазіргі ұғымда амфитеатр - көрермендер залындағы партерден кейінгі орындар.[1]
Амфитеатр — геоморфологияда — беткейлердің жарты шеңберленіп тұйықталуы. Пайда болуы жағынан мұздықтық (цирктер, карлар, морена шеттерінің белдері), жылжымалы (жылжымалы массаның үзілген шұңқыры) немесе жанартаулық (кальдерлер) болып бөлінеді. [2]
Амфитеатр (грек. атрһі — екі жақтан, айнала; theatron — ойын-сауық көрсетілетін орын)— Ежелгі Грекия театрларында шоқылар баурайына жартылай шеңбер сияқты айналдыра салынған көрермендер орны. Ежелгі Римде — гладиаторлық шайқастарға және тағы аңдарды қуып ұстауға арналған үсті ашық ғимарат, мұнда көрермендер орны ортадағы сопақша аренаны қоршалай сатылап орналасқан.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.