From Wikipedia, the free encyclopedia
Аманғос Титауұлы Өтегенов
1946 жылы 1 қарашада Ақтөбе облысының Степное ауданындағы Қос-Істек кентінде туған. Қазақ.
Әкесі - Өтегенов Титау, марқұм, ұжымшаршы болған. Анасы - Өтегенова Аққыз, марқұм, үй шаруасымен айналысқан. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты филиалының тау-кен факультетін бітірген (Рудный қаласы, 1974), тау-кен инженері.
Бірнеше авторлық куәліктер мен патенттердің авторы.
Орыс және қазақ тілдерін біледі.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).
1974 жылдан - «Екібастүзкөмір» ӨБ жол шебері, тау-кен шебері, учаске бастығы. 1980 жылдан-«Екібастұзкөмір» ӨБ бас айырым инженері. 1983 жылдан - Екібастұз Қазақстан Компартиясы қалалық комитетінде белім меңгерушісі. 1985 жылдан - «Екібастұзкөмір» АҚ бас инженер, айырым директоры, басдиректоры, президенті. 1996 жылдан-«Богатырь Аксесс Көмір» ЖІІІС бас директоры, бас директордың орынбасары. 2004 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымыныңдепутаты, №54 Павлодар облысының бір мандатты округы бойынша тіркелінген, Экономикалық реформа және еңірлік даму комитетінің мүшесі.
2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
«Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық қорының жетекшісі.
«Құрмет» (2008), «Құрмет белгісі» ордендерімен; «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалері. Құрметті шахтер.
Әскери атағы - сержант.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Нарықтық экономикасы мен елі қарқынды дамушы еркендеген мемлекет».
Хоббиі - аңға шығу, балық аулау.
Үйленген. Жұбайы - Досахметова Ағима Жапасқызы (1951 жылы туған), үй шаруасымен айналысады. Қыздары - Өтегенова Алтынай (1972 жылы туған), Досахметова Ружена (1979 жылы туған); Ұлдары - Өтегенов Жеңіс (1975 жылы туған), Өтегеноп Азамат (1989 жылы туған).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.