From Wikipedia, the free encyclopedia
Алголь, Персейдегі бета (араб: алголь — малғұн, албасты) — көгілдір ақ түсті тұтылмалы айнымалы Қосаржұлдызы. Жалтырауы 2 тәул. 20 сағ. 49 мин. аралығында 2,1-дан 3,4 жұлдыздық шамаға дейін өзгереді. Алгольдің диам. 5 млн. 800 мың км, беткі температурасы 15.000 К, массасы Күннен 4,6 есе артық.
Алгольға алғаш рет 1667 жылы Италия астрономы және математигі Монтанари назар аударған. 1889 жылы Алгольдің спектрлі-қосаржұлдыз екені анықталды. Оның тұтылуы мен жарқырауының айнымалылығы Алгольді 10 млн. 400 мың км қашықтықта айналатын диаметр] 4 млн. км, беткі температурасы 7000 К серігінің көлегейлеуінен болады. Екінші серігі Алгольді тұтылдырмайтын орбита жазықтығында айналғанымен үштік қозғалысқа ұйытқу туғызып, айнымалылық периодының ауытқуына әсер етеді.
Алголь — адам баласы бақылап зерттеген бірінші тұтылмалы өзгергіш жұлдыз. Қазір ғылымға 4000-нан аса Алголь типтес, 2500-ге жуық спектрлі-қосаржұлдыз белгілі.
Қазақ энциклопедиясы
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.