Акцептор
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Акцептор (acceptor - кабылдаушы) — шалаөткізгіш ішінде валенттік аймақтан электронды тартып алуға қабілетті қоспалы атом. Бұл валенттік аймақта кемтіктің пайда болуымен пара-пар. Электрондық аспаптар жасауда электр өткізгіштігі төмен болғандықтан, шалаөткізгіштердің тікелей таза түрі емес, олардың белгілі бір қоспасы пайдаланылады. Акцепторға тән ауыстыру қоспалары болып Ge мен Si үшін Менделеев кестесінің III тобының элементтері В, Аі , Ga, In пайдаланылады. Акцептор шалаөткізгіштің рұқсат етілмеген аймағында валенттік аймақтың төбесінен аз қашықтықта, акцепторлық деңгей деп аталатын жергілікті энергетикалық деңгей құрады. Акцептордың ионизация энергиясы рұқсат етілмеген аймақтың енінен әлдеқайда кіші, сондықтан акцепторлары бар шалаөткізгіште валенттік электрондардың акцепторға өту процесі олардың өткізгіштік аймағына жылулық өту процесінен басым түседі. Осыдан валенттік аймақтағы кемтіктер концентрациясы өткізгіштік аймақтағы электрондар концентрациясынан әлдеқайда артық болады. Қоспалы атомдар саны көп болса, пайда болатын кемтіктер саны да көбейеді. Сол себепті мұндай қоспалы шалаөткізгіштің электр өткізгіштігі осы кемтіктердің қозғалыс салдарынан жоғарылап, шалаөткізгіштің өзі р типті деп, ал өткізгіштігі кемтіктік деп аталады. Кемтіктік электр өткізгіштікті қамтамасыз ететін қоспа атомдар акцепторлық (электрон алушы) деп аталады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.