From Wikipedia, the free encyclopedia
Аксон (гр. axon — білік, ось) — цитоплазмасында протеин түзуші органеллалары болмайтын нейроциттің жіп тәрізді ұзын өсіндісі; нейрит жүйке импульстарын бір жасушаның денесінен және дендриттерден келесі нейрон мен ағзаларға өткізетін нейронның ұзарған(1 м дейін) цитоплазмалық өсіндісі.
Аксонның диаметрі бүкіл ұзынша бойында тұрақты және қалындағы нейрон денесінің көлеміне және оның атқаратын әрекетіне байланысты. Аксонның алдыңғы сегменті аксон төмпешігі өте сезімтал және осы жерде жүйке импульстары пайда болады. Аксонның нейрондармен бұлшық еттермен және безді жасушалармен қосылған жерлерінде синапстар пайда болады. Аксондардың буда болып қосылуының арқасында жүйке талшықтарын қалыптастырады.[1]
Аксон жүйке толқынын нейроцит денесінен, яғни перикарионынан (нейроциттің ядро орналасқан бөлігі) басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелер жасушаларына өткізеді. Аксонды "нейрит" деп те атайды.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.