Айқаат (араб — кесім, норма) — мұсылманшылық құқықта: өзара қарым-қатынас жасаушы тараптардың заң жүзінде жасалатын келісімдерін талап етпейтін міндеттемелерінің жиынтық атауы.[1] Ол әркімнің ішкі сенімі арқылы пайда болып, ерікті түрде жүзеге асуға тиіс. Екі жақтың өзара келісімі талап етілмегенімен, айқаатқа міндетті түрде куәгерлер қатысады, сот жол-жоралғылары (яғни, сот процесі өткізіледі, іс қағаздары, құжаттамалары ресімделеді, т.б.) атқарылады. Айқаатқа енген міндеттемелер өз мәндеріне орай 4 бөлімнен тұрады.
- Бірінші бөлім — отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер. Оған:
- 1) ажырасу;
2) ғайбат, көңіл қаларлық сөз айту;
3) ашына (ойнас) еместігі жайында ант ету;
4) қарғыстар туралы тарау кіреді.
- Екінші бөлім — құлдардың хал-ахуалдарына қатысты міндеттемелер. Оған:
- 1) жалпы құл жағдайы;
2) құлдарды қожасының еркімен азат етуі;
3) құлдарды заңды түрде азат ету;
4) қожасы өлгеннен кейін азат ету;
5) құлдарды сыйлық шарты бойынша азат қылу;
6) қашқын құлдарды іздеп табу шаралары;
7) күңдермен отасу және олардан туған балалар туралы тараулар кіреді.
- Үшінші бөлім — сот ісін жүргізуге қатысты міндеттемелер. Оған:
- 1) мойындау;
2) ант ішу тараулары кіреді.
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.