From Wikipedia, the free encyclopedia
Азия халықтары институты (АХИ), КСРО Ғылым академиясының Азия халықтары институты (1960 жылға дейін КСРО ғылым академиясының Шығыстану институты) – Шығыс елдерінің тарихын, экономикасын, әдебиетін, тілін зерттейтін ғылыми орталық; Совет Одағы ғылымдарының шығыс тану жөніндегі зерттеулерін үйлестіреді. Азия мұражайы, Шығыс елдерін зерттеушілер коллегиясы, Будда мәдениеті институты, Түркия зерттеу (Түркология) кабинеті (семинары) негізінде 1930 жылы қазанда Ленинградта құрылды. 1950 ж. КСРО ғылым академиясының Тынық мұхит институты АХИ құрамына енді. Сол жылдан бері АХИ Москвада жұмыс істейді. Ленинградта бөлімшесі бар. Институт Шығыс елдерінің ежелгі, орта ғасырлық, жаңа заман мен осы заманғы тарихының, экономикасы мен мәдениетінің аса маңызды мәселелерімен шұғылданады: Азия халықтарынвң ұлт-азаттық қозғалысын, Азияның халықтық демократия елдеріндегі социалистік құрылыстың тәжірбиесін зерттеуге, Шығыс елдерінің жазба ескерткіштерін жариялауға көп көңіл бөледі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.