Remove ads
From Wikipedia, the free encyclopedia
Абылай хан даңғылы - Алматы қаласындағы орталық көшелердің бірі. Даңғыл қаланың Алмалы және Жетісу аудандарында орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Райымбек батыр даңғылынан төменірек орналасқан Алматы-2 теміржол бекетінен басталып Абай даңғылында орналасқан Ұлттық кітапхана ғимаратына барып тіреледі. Даңғылдың ұзындығы - 4200 метр. Алматы қаласы әкімінің 23.10.1991 күнгі № 15/398 шешімімен даңғылға қазақтың ұлы ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның есімі берілген. Даңғыл екі бағытты жол болып есептеледі.
Абылай хан даңғылы бұрын Коммунистік проспект деп аталды. Ал оның алдында Вокзал, Сталин және Старокладбищенская деп аталатын. Даңғыл 1935-37 жылдары көшенің батыс жағында үш халық комиссариатының ғимараттары салынған кезден пайда бола бастады. Алматы қаласы астана болған кезеңде даңғыл бойында ҚазССР Үкімет үйі, Қазақстан КП Алматы обкомы, Халық депутатттары Советінің облыстық және қалалық атқару комитеттері, Денсаулық сақтау, Ет және сүт өнеркәсібі, Сауда, Қаржы Ауылшаруашылық министрліктері, Қазақстан Жазушылар одағы, ҚазТАГ, ҚазССР халықтық бақылау комитеті, Орыс драма театры, Алматы рестораны, Астаналық гастраномы орналасқан болатын. Бұрынғы Үкімет үйінің солтүстік жағындағы әскери-ревкомның үйі болған жерде мемориалды ескерткіг белгі қойылған, мұнда 1918 жылдың 3 наурызына қараған түнде Верныйда Совет үкіметі орнағаны жарияланған болатын[1].
Абылай хан даңғылы қаланың орталығында орналасқандықтан оның бойында көптеген өнер ордалары және архитектуралық ескерткіш ретінде танылған ғимараттар орналасқан.
Тарихи ғимараттар
Ескерткіштер:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.