From Wikipedia, the free encyclopedia
Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков (1896-1938), журналист, жазушы және қоғам қайраткері.
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.[1].
«Біздің де күніміз туды», «Октябрь күнінде» атты деректі повестері 1921 ж. Орынбор қаласында жеке кітап болып басылып шықты. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» атты романында Абдолла туралы толық мағлұмат берілген.[2]
Турашыл, ер мінезді, ұлт мүддесін түсінетін азамат ретінде Асылбеков «Алашорда» үкіметі қайраткерлерінің оқу-ағарту, жерге қоныстандыру, дербес экономикалық бағытты ұстанужөніндегі көзқарастарына іштартты. Ол 1922 ж. қазақ қызметкерлерінің кеңесінде А. Байтұрсынов пен С. Сәдуақасовтың, Әуезовтің «коммунистік-колонизаторлық саясатқа қарсы» пікірлері мен ашаршылықтың зардаптарын жою туралы ұсыныстарын қолдады. 1921 жылы Әуезовпен бірге Қоянды жәрмеңкесінде қазақ автономиясының бір жылдық тойын өткізуге жетекшілік етті. Қажымұқан, Майра, Иса, Жынды Омар, Зәрубай, Әміре, Шашубай, Ғаббас, Қалибек сияқты ел өнерпаздарын жәрмеңкеге қатыстырып, ойын-сауық ұйымдастырды, М. Әуезовтің шығармашылығын жоғары бағалады. Ол 1932 жылғы ашаршылықты айыптап, үкіметтің алдына тиісті мәселе қойған. Асылбеков пен Әуезовтің арасындағы достық қарым-қатынас туралы деректер С. Бегалиннің, Қ. Қуанышбаевтың, Қ. Тоғызақовтың естеліктерінде баяндалған.[3]
Мақалалары мен очерктері «Тіршілік», «Еңбекші Қазақ», «Советская степь» газеттері мен «Қызыл Қазақстан журналында» жарияланып тұрды.
Біздің де күніміз туды. Повесть. Орынбор, 1921.[4]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.