From Wikipedia, the free encyclopedia
Ішкі шаруашылық бақылау, шаруашылық ішіндегі бақылау – кәсіпорынның, оның бөлімшелерінің нәтижелі жұмыс істеуін, жекелеген қызметтерді, олардың атқарымын дамыту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін ішкі бақылау. Ішкі шаруашылық бақылау барысында өндірістің сақтық қорлары анықталады, еншілес компанияларға қатысты консалтинг орындалады. Ішкі шаруашылық бақылау немесе ішкі бақылау үшін ұйымның өзі немесе оның бөлімшелерінің бірі жауап береді. Ішкі шаруашылық бақылауда экономика субъектінің ішінде ұйымдастырылған қадағалау мен тексеру қамтылады. Онда: заң талаптарының сақталуы, құжаттарда шаруашылық өмір фактілерінің дәл де толық қамтылуы, бухгалтерлік есеп-қисаптың уақтылы және дәл жасалуы, қателер мен бұрмалаушылыққа жол бермеу шаралары, бұйрықтар мен өкімдердің орындалуы, ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету тексеріледі. Ішкі шаруашылық бақылау үш топқа бөлінеді. Олар: ішкі ведомстволық қаржы бақылауы, фирманың ішкі бақылауы, тексеру комиссияларының қызметі (тексеру жүргізу).[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.