Ілияс Қабылов (18 қазан 1904, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы – 26 ақпан 1938, Алматы) – мемлекет және қоғам қайраткері.
- Әке-шешесі 1911 жылдан бастап Ақмешіт (қазіргі Қызылорда), Әулиеата, Ташкент қалаларында тұрған.
- 1918 – 22 жылдары Ташкент еңбек коммунасында орталау білім алған.
- Кейін Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін (1925), Қызыл профессура институтын (1933) бітірген.
- 1925 – 28 жылдары Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде философия және құқықтанудан оқытушы
- 1928 – 30 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитетінің баспа жөніндегі сектор меңгерушісі, мәдениет және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары
- 1931 – 33 жылдары Шығыс еңбекшілері коммунистік университеті философия кафедрасының меңгерушісі болды.
- 1934 – 37 жылдары Қазақстан өлкелік партия комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚазПИ (ҚазҰПУ) философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
- Қазақ АКСР-і Кеңестерінің 9-съезіне (1935) қатынасып, Атқару комитетінің мүшелігіне сайланған.
Quick Facts Туған күні, Қайтыс болған күні ...
Ілияс Қабылов |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).
|
---|
Қайтыс болған күні |
26 ақпан 1938 (1938-02-26)
|
---|
Қайтыс болған жері |
Алматы
|
---|
Азаматтығы |
қазақ
|
---|
Білімі |
жоғары
|
---|
Партиясы |
Кеңес Одағының Коммунистік партиясы
|
---|
Мансабы |
мемлекет және қоғам қайраткері
|
---|
|
Close
Көрнекті публицист, әдеби сыншы, философ ретінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь», «Казахстанская правда» газеттерінде мақалалар жариялаған.
1937 жылы жалн жаламен айыпталып қамалған. Кейін, ату жазасына кесілген. 1998 жылы 15 мамырда толық ақталды.[1]
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6