From Wikipedia, the free encyclopedia
Web 2.0 немесе Уеб 2.0 ғаламтордың (world wide web) интерактивтік және коллаборативтік, яғни істестік элементтерін білдіруге қолданылатын термин. Демек, қолданушы интернеттегі мазмұнды тұтынып қана қоймай, сонымен қатар өзі де қандай да бір мазмұн өндіреді. Бұл ұғым кейінгі кезде әлеуметтік желілердің дамуымен үлкен маңызға ие болып келе жатыр. [1]
Қолданушылар интерактивті қосымшалардың көмегімен мазмұнды өздері жасап, өңдеп, оны таратады. Қолданушылардың жаңа ролін сипаттау үшін просьюмент (ағыл. "Prosumer") деген түсінік пайда болған. Контент, яғни мазмұн бұрынғыдай орталықтандырылған түрде медиа компаниялары тарапынан емес, саны біршама көп, өзара әлеуметтік желілер арқылы байланысқан қолданушылар тарапынан дайындалып және интернетте таралып келеді. [2]
Контентті көруге ғана мүмкіндік беретін уеб-сайттармен салыстырғанда, Web 2.0 ерекшелігі сол, ол қолданушыларға әлеуметтік медиа арқылы виртуалды қауымдастық құруға мүмкіндік береді, бір-бірімен байланыстырып береді және бірге істесіп жұмыс жасауға жағдай жасайды. Web 2.0 мысалдарына әлеуметтік желі сайттары, блогтар, wiki-лер, видео бөлісетін сайттар, уеб-қолдаңғылар (application), mashup және folksonomy-лер жатады.
Бұл термин ең алғашқы статикалық сайттардан кейін пайда болған жаңа технологияларды қолданатын уеб-сайттарды сипаттау үшін 1999 жылы ойлап табылған. 2004 жылы өткізілген O’Reilly Media Web 2.0 конференциясында көпшілік назарына ұсынылған бұл термин Tim O’Reilly есімімен тығыз байланыстырылады.[3][4] Web 2.0 World Wide Web-тің жаңа нұсқасын ұсынатынына қарамастан, бұның ешқандай техникалық спецификациялардың жаңартылымдарына (ағылш. an update) қатысы жоқ, алайда программа жазушылар мен қолданушылардың ғаламторды қолдану жолдарының тұтас өзгерістеріне қатысты қолданылады.
Web 2.0-нің алғашқы уеб-технологиялардан қатты айырмашылығы бар ма деген сұрақ World Wide Web-ті ойлап табушы Tim Berners-Lee-ді күдікке салып қойды, ол бұл терминді жаргон ретінде сипаттаған. Оның Web туралы бастапқы пайымы былай болатын: ‘бірлесе жұмыс істейтін орта – біз барлығымыз жиналатын, оқитын және жазатын орын.[5][6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.