Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) әлемнің көптеген елдерімен қолданылатын сағат пен уақытты реттеу стандарты.
UTC Гринвичтің ескірген орташа уақытының (GMT) орнына енгізілді, өйткені GMT шкаласы біркелкі емес және жердің тәуліктік айналуымен байланысты. Өз кезегінде, UTC шкаласы біркелкі атомдық уақыт шкаласына негізделген және азаматтық қолдануға ыңғайлы.
UTC уақыты қыста да, жазда да аударылмайды. Сондықтан жазғы уақытқа ауысатын мекендер үшін UTC-ке қатысты ауысу өзгереді. Жер шарының айналасындағы уақыт белдеулері UTC-ден оң немесе теріс ығысу ретінде көрінеді.