![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/21/Times_New_Roman-sample.svg/langkk-640px-Times_New_Roman-sample.svg.png&w=640&q=50)
Times New Roman
From Wikipedia, the free encyclopedia
Times New Roman — кертпелері бар қаріп және гарнитура. Қаріпті 1931 жылы суретші Виктор Лардент британдық «Таймс» (The Times) газеті үшін жасап шығарды. Қаріп Монотип компаниясынң Англиядағы өкілі, типограф Стенли Морисонның «Таймс» газетінің нашар баспасы мен типографкасын сынға алғаннан кейін пайда болды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/21/Times_New_Roman-sample.svg/320px-Times_New_Roman-sample.svg.png)
Қаріп бойынша жұмысты Морисон басқарды, ал Таймс газетінің жарнама бөлімінің суретшісі Виктор Лардент қаріптің суретін салды, ал қаріптің ақырғы нақтылау жұмыстарын Монотип компаниясы жасады. Қаріпті салған кезде Морисон «Plantin» атты ескі қаріпті негіз етіп алды, алайда мәтіннің оқылуын жеңілдету мен кеңістікті үнемдеу мақсатында өзгерістер енгізілді. Жаңа қаріппен терілген Таймстың жаңа саны 1932 жылы 3 қазанда жарық көрді. Бір жыл өткен соң қаріп коммерциялық қолданыс үшін сатылымға шықты. Таймс газеті Times New Roman қаріпін 40 жыл қолданыды, бірақ жаңа өндірістік техника мен таблоид форматының өзгеруіне байланысты 2004 жылға дейін газеттің қаріпі 5 рет өзгеріске ұшырады. Алайда жаңа қаріптердің барлығы New Roman-ның нұсқалары болып табылады.
Таймс газетінде ұзақ қолданылмаса да, Times New Roman кітап типографиясында, әсіресе Қазақстан, Ресей, АҚШ-та жиі қолданылады. Мұның басты себептерінің бірі қаріп Micrisoft компаниясынің өнімдермен бірге таратылады, нәтижесінде Times New Roman адамзат тарихыдағы ең жиі қолданылатын қаріптердің бірі болып табылады.