From Wikipedia, the free encyclopedia
«The Way We Were» — Осындай болып ек фильмінде Барбра Стрейзанд орындайтын ән. Ол 1974 жылдың Үздік фильм әні үшін Оскар сыйлығын, Алтын глобусты және 1975 жылдың «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған. Музыкасын Марвин Хэмлиш, әнін Алан және Мэрилин Бергмандар жазған.
Сингл 1973 жылдың 27 қыркүйегінде сол аттас альбом құрамында шықты. Бұл Стрейзандтың 15-ші альбомы болған. Әншінің кейінгі жинақ альбомдарына да және концерттік альбомдарға да бұл ән енген.
АҚШ-та сингл платиналық сертификатқа,[1] ал Аустралияда алтын сертификатқа ие болған.[2]
Америкалық Billboard Hot 100 чартында ән бірінші орынға көтерілді және жыл қорытындысы бойынша осы чарттың лидері болды.[3]
Әнде фильмнің екі бас кейіпкерінің арасындағы қарым-қатынастарының жарқын сәттерін еске түсіру кезінде пайда болатын меланхолия һәм ностальгия сезімдері жайлы айтылады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.