The Kills

From Wikipedia, the free encyclopedia

The Kills

The Kills (ағылш. өлтірулер) — ағылшын-америкалық инди-рок топ. Топ мүшелері — америкалық вокалист Элисон Моссхарт ("VV") пен британдық гитарист Джейми Хинс ("Hotel").

Тарихы

Quick Facts Негізгі ақпарат, Жанры ...
The Kills
Thumb
The Kills Heaven түнгі клубында, 2011 жыл
Негізгі ақпарат
Жанры

инди-рок

Белсенділік
жылдары

2000 — қазірге дейін

Өлеңдерінің
тілдері

Ағылшын

Лейблі

Domino Records
Rough Trade Records
RCA Records
Dim Mak Records (бұрынғы)

Топ құрамы

Элисон "VV" Моссхарт
Джейми "Hotel" Хинс

http://www.thedoors.com
Close


Топ 2000 жылы құрылды. Топты құрғанға дейін Моссхарт америкалық Discount тобында, ал Хинс Fiji, Scarfo және Blyth Power топтарында өнер көрсеткен болатын. Алғашқы альбомы Keep on Your Mean Side 2003 жылы 1 сәуірде жарық көрді. 8 әннен тұратын бұл альбомды топ 2 апта ішінде жазып үлгерді.

2005 жылы 21 ақпанда топтың екінші студиялық альбомы No Wow жарық көрді. Domino Records лейблінде жарық көрген бұл альбомның алғашқы синглі "The Good Ones" Ұлыбритания синглдар чартында 23-орынға дейін көтерілді.

2008 жылы 10 наурызда топтың үшінші студиялық альбомы Midnight Boom жарық көрді. Бұл альбомның әндері көптеген америкалық телешоуларда қолданылды. Сонымен қатар "Cheap and Cheerful" әні NHL 09 компьютерліік ойынының саундтрегіне қосылды.

2009 жылы 11 қыркүйекте топ өзінің MySpace парақшасында өздерінің төртінші альбоммен жұмыс жасап жатқанын хабарлады. Сол жылы топтың "Black Balloon EP" миниальбомы жарық көрді. Ал 2011 жылы 1 сәуірде топ Blood Pressures атты өзінің төртінші студиялық альбомын жарыққа шығарды.

Дискографиясы

Студиялық альбомдары

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.