Samsung Group
From Wikipedia, the free encyclopedia
Samsung Group – Оңтүстік Кореядағы ірі өнеркәсіп концерннің бірлестігі болып табылады. 1938 жылы Кореяда негізі қаланған. Әлемдік нарықта жоғары технологиялық компоненттерді, телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды, тұрмыстық техникаларды, аудио және видео құрылғыларды өндіруші ретінде танымал [1].
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b4/Samsung_wordmark.svg/220px-Samsung_wordmark.svg.png)
«Самсунг» сөзі ((кор. 삼성, 三星, практикалық транскрипциия нормасына сәйкес сөздің анағұрылым дұрысырақ дыбысталуы — «самсон») корей тілінде «үш жұлдыз» мағынасын білдіреді. Бұл атау Samsung компаниясының негізін салушы Ли Бен Чхольдің үш ұлына байланысты болуы мүмкін. Кенже ұлы Ли Гон Хи мұрагерлік тұрғысынан отбасындағы жекеменшіктің басым бөлігін үлкен ұлы иемденеді деген бүкіл шығыс дәстүрін бұзып, компанияны 2008 жылдың сәуір айына дейін басқарған.