From Wikipedia, the free encyclopedia
QYZYLORDA — Қызылорда облысындағы жергілікті телеарна. 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Дәл осы күні алғаш рет 30 минуттық хабармен эфирге шықты. Ертесіне, 1 мамыр күні қаланың орталық алаңындағы мерекелік демонстрациядан 45 минуттық тікелей репортаж жасады.[1]
QYZYLORDA | |
«Қазақстан» РТРК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы | |
Ел | |
---|---|
Хабар тарату аумағы | |
Хабар тарату уақыты |
14 сағат |
Хабар тарату тілдері |
қазақша, орысша |
Басқару орталығы |
Қызылорда, Желтоқсан көшесі, 11 |
Арнаның тақырыптамалары |
әмбебап |
Хабар таратуын бастады | |
Иесі | |
Директоры |
Нұрбек Әмиша |
Бұрынғы атаулары |
Қазақстан-Қызылорда |
Сайт |
Телеарна ашылуының басы-қасында сол кезде облыстық радионы ұзақ жылдар басқарған, «КСРО-ның құрметті радисі», алғашқы төраға Жақсылық Бекқожаев, журналистер Баян Исламбаева, Айткүл Шалғынбаева, инженерлер Бақытжан Шөкенов, Марат Шалабаев, Жәнібек Жұманов, Юрий Ефановтар жүрді. Алғашқы режиссер қызметін Хұсейін Әмір-Темір атқарса, тұңғыш диктор Айгүл Оразова болды.
Теледидардың алғашқы жабдығы «Останкино» телеорталығынан әкелінген «Кадр» 3 ПМ маркалы бейнемагнитофоны болды. Одан кейін 1991 жылдың соңына таман АСБ, Ленинград қаласынан ПТС әкелінді.
Жаңадан ашылған телеарнаның хабар тарату ауқымы, материалдық базасы жыл өткен сайын ұлғая берді. Хабар тарату ауқымы он жылдың көлемінде 5 сағатқа, 2004 жылдан бастап 14 сағатқа көбейді. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап телеарна хабарлары 1 сағат көлемінде «Кателко» спутниктік жүйесі арқылы тартыла бастады.
2009 жылдың 28 тамызынан бастап «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы республикада алғашқылардың бірі болып облыс аумағына тәулігіне 14 сағат көлемінде хабар таратуға көшті.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.