From Wikipedia, the free encyclopedia
NEAR Shoemaker — астероидтарды зерттеу мақсатымен 1996 жылы ұшырылған америкалық ғарыш кемесі. Басында NEAR (Near Earth Asteroid Rendezvous) деп аталған, кейін америкалық геолог пен планетолог Юджин Шумейкердің құметіне орай атауы өзгертілді.
NEAR Shoemaker | |
---|---|
Ұйымы | АҚШ, НАСА |
Басты мердігерлері | Applied Physics Laboratory |
Тапсырысы | Астероидтарды зерттеу |
Ұшыру күн-айы | 17.02.1996 ж., 20:43:27 UTC, Канаверал мүйісі |
Сөре көлігі | Delta II зымыран-тасығышы |
Тапсырыс ұзақтығы | 5 жыл және 21 күн |
NSSDC нөмірі | 1996-008A |
Торабы | http://near.jhuapl.edu |
Массасы | 487 кг (отынмен 805 кг) |
Қуаты | 1800 Вт |
Негізгі миссиясы — Жерге жақын ұшатын (433) Эрос астероидын айналып зерттеу. 2000 жылы NEAR Shoemaker оның орбитасына кірді, сөйтіп астероидтардағы алғашқы жасанды серік болды. Бір жылдан соң ол астероид бетіне қонған алғашқы ғарыш аппараты болып шықты.[1]
Осы астероидқа қарай ұшар жолда NEAR Shoemaker (253) Матильда астероидын 1200 шақырым қашықтықтан зерттеп үлгерді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.