MacBook
From Wikipedia, the free encyclopedia
MacBook — Apple компаниясының ноутбуктер желісінің өкілі.
Түрі | Ноутбук |
---|---|
Шыққан күні | 18 мамыр 2008 жыл |
Тоқтатылды | 20 шілде 2010 жылы тұтынушылар үшін (білім беру мекемелері үшін әлі де қол жетімді) |
Операциялық жүйесі | Mac OS X 10.7.5 |
CPU | 2,4 ГГц Core 2 Duo |
Жады | DDR2 2 Гбайт |
Веб-сайты | apple.com/ru/macbook/macbook.html |
2016 жылы сәуірде, Apple пернетақтасы жоқ жаңа MacBook-ты патенттеген.[1] Мұрағатталған 2 маусымның 2017 жылы.[2].
Apple компаниясының, MacBook ең арзан ноутбуктері 2008 жылы 20 желтоқсанда Unibody (алюминий сауыты металлдың бүтінінен кесіліп алынады) технологиясы бойынша құрылған, алюминий корпусында таныстырылды, бірақ WWDC-2009-да бұл модель кейбір сипаттамаларын жетілдіргеннен соң MacBook Pro класына ауыстырылды.
2010 жылдың мамыр айында осы кластың модельдік қатары бірнеше әр түрлі сипаттамалары бар бір ноутбук арқылы ұсынылды. Корпус ақ поликарбонаттан дайындалды. 33,03×23,17×2,74 см өлшемді және салмағы 2,13 кг, MacBook мынадай аппараттық компоненттерін ұсынады: GeForce 320M бейнекартасы, Core 2 Duo 2,4 ГГц процессоры, ажыратымдылығы 1280×800 СК-экран 13", жылдамдығы 10/100/1000 мегабит желілік карта, сымсыз байланыс құралдары (Bluetooth, Wi-Fi), USB, сандық (оптикалық) және аналогты аудиошығу және басқалар.