![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d4/Leroy_Merlin.svg/langkk-640px-Leroy_Merlin.svg.png&w=640&q=50)
Leroy Merlin
From Wikipedia, the free encyclopedia
Leroy Merlin (транскрипциясы: «Леруа Мерлен») — франциялық компания, Еуропадағы ең ірі DIY (Do-It-Yourself) сатушыларының бірі. 1923 жылы құрылған, Groupe Adeo құрамына кіреді.
Leroy Merlin SA | |
![]() | |
Түрі | |
---|---|
Құрылды |
1923 |
Бұрынғы атауы |
Au Stock Americain |
Құрушы |
Адольф Леруа, Роза Мерлен |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Филипп Зимерманн (бас директор) |
Саласы | |
Айналым | |
Қызметкерлер саны |
164,764 (2021) |
Басшы компания |
Groupe Adeo |
Сайты |
Леруа Мерлен — үй, саяжай мен бақты тұрғызу, әрлеу және жайластыруға арналған тауарларды сатуға мамандандырылған халықаралық ритейлер-компания.
Groupe Adeo сату көлемдері бойынша әлемде 3-орынды және Еуропада 1-орынды иеленіп отыр, Грекия, Бразилия, Франция, Италия, Польша, Португалия, Испания, Ресей, Қытай, Түркия, Румыния және Украинадағы әр түрлі форматтағы (гипермаркеттер, орташа және кішкентай дүкендер, дискаунттерлер) DIY дүкендерін қамтиды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f8/Leroy_Merlin_map.svg/640px-Leroy_Merlin_map.svg.png)
Леруа Мерлен — бұл әлем бойынша 325 дүкен. Барлық дүкендерде бес негізгі бағыттар бойынша тауарлардың үлкен жиынтығы ұсынылған: үй, интерьер, құрылыс материалдары, жөндеу және бақ.[2]
Тарихы
1923
Францияның солтүстігінде, Не-ле-Мин қаласында жұбайлар Адольф Леруа мен Роз Мерлен Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Францияның солтүстік қалашықтарында америкалық әскерлер қалдырып кеткен заттарды сату бойынша "Сток Америкэн" алғашқы дүкенін ашады. Құрылыс және әрлеу материалдары ерекше сұранысқа ие болады. Адольф Леруа мен Роз Мерлен әрбір жанұяның өз арманындағы үйді тұрғызғысы келетіндігін өте тез түсінеді.
1960
"Сток Америкэн" сауда-саттық кәсіпорны Leroy Merlin-ге түрлендірілген. Бұл өз клиенттеріне тауарларды тегін жеткізу қағидасын қолданған Франциядағы алғашқы компания болып табылады.
1973-1979
Леруа Мерлен өз-өзіне қызмет көрсету дүкендері бүкіл Франция бойынша ашылады. Орталықтандырылған қызметтер (сатып алу бөлімі мен компьютерлік қызмет) құрылады. 70-жылдардың соңына қарай Леруа Мерлен штатында 500 адам жұмыс істейтін 8 дүкенді құрайды және ұлттық масштабтағы кәсіпорынға айналады.
1979
Леруа Мерлен Ашан тобымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қояды.
1989-1999
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1b/Leroymerlinkalisz.jpg/640px-Leroymerlinkalisz.jpg)
Леруа Мерлен Испания, Италия, Польша және Бразилияда дүкендер ашады және DIY (Do-It-Yourself) секторында әлемдік нарықтарда алдыңғы орындарға ие болады.
2003-2004
Леруа Мерлен Португалия мен Испанияда (Aki), сонымен бірге Францияда (Obi) DIY компанияларын сатып алады. Леруа Мерлен DomPro және Weldom компанияларымен қосылады.
2004
Ресейдегі Мәскеу облысының Мытищи қаласында алғашқы дүкеннің ашылуы.
2006
GROUPE ADEO құрылады.
2007-2009
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f4/%D0%9C%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D0%BD_%D0%9B%D0%B5%D1%80%D1%83%D0%B0_%D0%9C%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BD_%D0%B2_%D0%9C%D0%BE%D1%81%D0%BA%D0%B2%D0%B5.jpg/640px-%D0%9C%D0%B0%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D0%BD_%D0%9B%D0%B5%D1%80%D1%83%D0%B0_%D0%9C%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D0%BD_%D0%B2_%D0%9C%D0%BE%D1%81%D0%BA%D0%B2%D0%B5.jpg)
Красногорск, Мәскеу облысы
Леруа Мерлен Румыния, Украина, Грекия және Түркиядағы қызметінің басталуы.
2008
Леруа Мерлен Румыния мен Украинадағы қызметінің басталуы.
2010
Леруа Мерлен Италиядағы Касторама гипермаркеттер желісінің барлығын сатып алады.
2018
Қазақстандағы алғашқы Леруа Мерлен дүкенінің ашылуы.[2]
Қызықты деректер
- Компания негізін қалаушы Адольф Леруа өз ісін ашқан кезде оның жасы бар болғаны 22-де болды.
- Соңғы 5 жылдың ішінде Leroy Merlin Франция, Италия, Испания және Бразилиядағы DIY нарығында нөмір 1-ші компания болып табылады.
- Красногосктегі (Мәскеу облысы) Леруа Мерлен тауар айналымы мен сатып алушылар саны бойынша GROUPE ADEO барлық дүкендерінің ішінде әлем бойынша 1-орынға ие болды.[2]
Дереккөздер
- Key figures. Тексерілді, 22 қараша 2016.
- Компания туралы. Leroy Merlin. Тексерілді, 15 желтоқсан 2023.
Сілтемелер
- leroymerlin.kz — Leroy Merlin дүкенінің Қазақстандағы ресми сайты