![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2d/MonAlhakenII01.jpg/640px-MonAlhakenII01.jpg&w=640&q=50)
II Хакам
From Wikipedia, the free encyclopedia
II әл-Хакам (әл-Мустансир биллаһ Әбу әл-Қазы Хакам ибн Әбдіррахман, араб.: الحكم الثاني,915 — 976 ) — Кордоба халифатының 2-ші халифі (961—976), III Әбдіррахманның ұлы, Умәйя әулетінің мүшесі.
Өмірбаяны
II Хакам араб.: الحكم الثاني | ||
![]() | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
961 — 976 | ||
Ізашары | III Әбдіррахман | |
Ізбасары | II Хишам | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Ислам | |
Дүниеге келуі | 13 қаңтар 915 (0915-01-13) | |
Қайтыс болуы | 16 қазан 976 (0976-10-16) (61 жас) | |
Династия | Умәйя әулеті | |
Әкесі | III Әбдіррахман | |
Балалары | II Хишам | |
II Хакам Ортаққорда | ||
өңдеу ![]() |
Негізінен әл-Хакам әкесінің саясатын жалғастырған. Мұсылман Испанияның мәдение тұрғыда гүлденуі жалғасын тапты. Халифтің өзі ғылым мен библиографияға аса жіті қызығушылық танытқандықтан 400 мыңнан астам дана кітап сақталған Кордоба кітапханасы мұсылман әлеміндегі ең ірі кітапханаға айналды. Хакамның тұсында көптеген құнды әдебиеттер көне грек және латын тілдерінен араб тіліне аударылып жарыққа шықты.
Сонымен қатар халифа Хакам билеген жылдары ауыл шаруашылығы дамып, ирригациялық құрылымдар жүйесі кеңейді. Мескита мешіті және халифа резиденциясы сияқты ірі ғимраттардың құрылысы қолға алынды.
Сыртқы саясаты
II Хакамның тұсында халифатқа викингтер 966 және 971 жылдары екі мәрте шабуыл жасайды. Сондай-ақ Солтүстік Мароккодағы Зиридтер және Фатимидтер хилафатымен күрес жүргізеді. 947 жылы Фатимидтер жеңіліске ұшырайды. Ал Солтүстік Испаниядағы христиандық мемлекеттерде халифат толық әскери үстемдікке ие болды.
Жеке өмірі
Кейбір заманауи шетелдік деректерде II Хакамның жас кезінде гомосексуал болғандығы келтіріледі[1]. Ол ашық түрде еркектік гарем ұстаған.[2] Сол себепті Кордоба тағының болашақ мұрагері болмады. Алайда бұл мәселе де шешімін тапты. Халифаға әрдайым еркектің киімін киіп жүретін және «Джафар» деген бүркеніш атқа ие Субх есімді күн тауып береді.[3] Кейін II Хишам дүниеге келеді. Алайда бұл жайлы араб тарихшылары ешбір дерек келтірмейді.
Әдебиет
- Рыжов, Константин. Әлем монархиялары. VII-XV ғғ. Мұсылман Шығыс — М.: Вече, 2004. — 544 б.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Arabic biography Мұрағатталған 14 тамыздың 2004 жылы.