II Максимилиан (Бавария патшасы)

From Wikipedia, the free encyclopedia

II Максимилиан (Бавария патшасы)

Максимилиан II (нем. Maximilian II. von Bayern, Максимилиан Иосиф) — Виттельсбахтар династиясынан 1848-1864 жылдары Бавария патшасы.

Quick Facts Лауазымы, Ізашары ...
ІІ Максимилиан
нем. Maximilian ІІ
Thumb
Thumb
Лауазымы
Ту
Ту
Баварияның 3-інші патшасы
Ту
Ту
20 наурыз 1848 жыл — 10 наурыз 1864 жыл
Ізашары I Людвиг
Ізбасары II Людвиг
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 28 қараша 1811 (1811-11-28)
Мюнхен
Қайтыс болуы 10 наурыз 1864 (1864-03-10) (52 жас)
Театинеркирхе, Мюнхен
Династия Виттельсбахтар
Туған кездегі есімі Максимилиан Жозеф
Әкесі I Людвиг
Анасы Саксен-Гильдбурггаузендық Тереза
Жұбайы Пруссиялық Мария Фредерика
Балалары II Людвиг, I Отто
ІІ Максимилиан Ортаққорда
Close

""Макс Патша"" халықта өте танымал болған және мемлекеттік істерге үлкен мән берген. 1848 жылғы Неміс Революциясы кезінде билікке келіп, патшалықта тұрақтылық орнатты. Германия бірігу барысында Баварияның тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысқан.

Өмірбаяны

Гёттинген университетінде және Берлиндегі Фридрих Вильгелм университеттерінде оқыған. Жас кезінде Германия Италия, Францияда көп саяхаттаған. Германиядағы революция барысында әкесі тақтан бастарқан соң, 1848 жылдың 20 наурызында таққа отырды.

Билігінің басында либерализация процессін бастады, либералды министрлер кабинетін жасады. Бірақ Пфальцтағы көтерілістен кейін процессті тоқтатып, елді консервативті кабинет арқылы басқара бастады. Пруссия мен Австрияның конфликтінде Австрияны қолдайтын. 1849 жылы Франкфуттағы ұлттық мәжілістің конституция жобасын қабылдамады. Сол жылы министрлер кеңесіеің төрағасы болуға Австриямен одақтың қолдаушысы Людвиг фон дер Пфордтенды шақырды. 1850 жылы Австриямен әскери одақ құрды.

1859 жылы Австрия мен Пруссия арасында Баварияның басқаруындағы одақ құрайтын «Үшінші Германия» жобасын қолдады. Бірақ, 1859-1861 жылдары Вюрцбургте өткен үш конференция еш нәтиже әкелмеді. 1863 жылы «Үшінші Германиядан» көңілі қалып, неміс билеушілерінің Франкфурттағы жиналысында Австрия ұсынған Герман конфедерациясының реформасы бойынша жобасын қолдады.; жоба оны Пруссия қолдамағандықтан сәтсіз аяқталды.

1863 жылдың қазанында ем алу үшін Римге жол алды, бірақ Пруссия мен Дания конфликтінің кесірінен отанына қайтуға мәжбір болды. 1864 жылы 10 наурызда аурудан қайтыс болды.

Жеке өмірі

1842 жылы Пруссиялық Мария Фредерикаға, Пруссия патшасы Фридрих Вильгельм II-нің немересіне үйленді. Екі баласы - Людвиг және Отто.

Мәдени мұрасы

1844 жылы ол үшін Хамбах сарайы реконструцияланды. 1849 жылы Берг сарайын неоготикалық стильде реконструкицялауды Эдуард Ридельге тапсырды. Максимиллианштрассе мен Баварияның ұлттық мұржайының директоры болған. Неоготика архитектура стильін ұнатқан. Ғылым мен Өнер бойынша Бавариялық Максимилиан орденің 1853 жылы 28 қарашада негізін қалады. Оның құрметіне Мюнхенде, Байройтте, Линдауда және Киссингенде ескерткіштер салынған.

Марапаттары

  • Бавария Патшалығы Бавария патшалығы:[1]
    • Әулие Губерт орденінің кавалері
    • Әулие Георг орденінің приоры
  • Вюртемберг Вюртемберг патшалығы: Вюртемберг коронасының орденінің үлкен кресті, 1828[2]
  • Пруссия Пруссия патшалығы: Қара бүркіт орденінің кавалері, 1831 жылдың 23 қаңтары[4]
  • Екі Сицилия патшалығы Екі Сицилия: Әулие Януар орденінің кавалері, 1833[5]
  • Ұлы Гессен Герцогтігі Ұлы Гессен Герцогтігі: Людвиг орденінің үлкен кресті, 1833 жылдың 18 желтоқсаны[6]
  • Саксен-Кобург-ГотаСаксен-АльтенбургСаксен-Мейнинген Саксония герцогтіктері: Саксен-Эрнестиндар әулетінің орденінің үлкен кресті,1838 жылдың наурызы[7]
  • Ұлы Баден Герцогтігі Баден:[8]
    • Адалдық орденінің кавалері, 1840
    • Церингерлік арыстан орденінің үлкен кресті, 1840
  • Швед-Норвег униясы Швед-Норвег униясы: патшалық Серафим орденінің кавалері, 1846 жылдың 17 желтоқсаны[9]
  • Саксен-Веймар-Эйзенах Саксен-Веймар-Эйзенах: Үлкен сұңқар орденінің үлкен кресті, 1847 жылдың 5 қазаны[10]
  • Ганновер Патшалығы Ганновер патшалығы:[11]
    • Әулие Георг орденінің кавалері, 1847
    • Патшалық гфельфтік орденінің үлкен кресті
  • Аустрия империясы Аустрия империясы:
    • Алтын руна орденінің кавалеры, 1849[12]
    • Әулие Стефан орденінің үлкен кресті[13]
  • Бельгия Бельгия: Леопольд орденінен үлкен кресті (әскери), 1850 жылдың 28 шілде[14]
  • Гессен Курфюрсттілігі Гессен Курфюрсттілігі: Алтын арыстан орденінің кавалері, 1852 жылдың 18 қазаны[15]
  • Ұлы Ольденбург Герцогтігі Ұлы Ольденбург Герцогтігі: Герцог Петр Фридрих Людвигтің еңбегі үшін ордені, 1853 жылдың 24 тамызы[16]
  • Модено герцогтігі Модено және Реджо Герцогтігі: Эсте бүркіті орденінің үлкен кресті[17]
  • Ұлы Тоскана Герцогтігі Ұлы Тоскана герцогтігі: Әулие Йосиф орденінің үлкен кресті[18]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.