Dawn (ғарыш кемесі)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Dawn (ағылш. таңсәрі) — Негізгі белдеудегі екі ең ірі нысанды зерттеуге арналған америкалық ғарыш кемесі, НАСА агенттігінің Discovery бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Dawn | |
---|---|
Ұйымы | НАСА |
Басты мердігерлері | Jet Propulsion Laboratory |
Тапсырысы | Астероидтарды зерттеу |
Ұшыру күн-айы | 27.09.2007 ж., 11:34 UTC, Канаверал мүйісі |
Сөре көлігі | Delta II зымыран-тасығышы |
Тапсырыс ұзақтығы | 11 жыл 1 ай 4 күн |
NSSDC нөмірі | 2007-043A |
Торабы | https://www.nasa.gov/dawn |
Массасы | 747,1 кг (отынмен 1217,7 кг) |
Қуаты | 10 кВт (1 а.б. қашықтықта) 1,3 кВт (3 а.б. қашықтықта) |
Ол Церера ергежейлі планетасын және (4) Веста астероидын жақыннан зерттеген алғашқы миссия болды. Сондай-ақ ол бір аспан денесінен артық нысанды орбитадан бақылаған алғашқы ғарыш аппараты болды.
Deep Space 1 аппаратында сынақтан өткен ионды қозғалтқыш технологиясын өз миссиясында пайдаланған алғашқы аппарат. Бұрын химиялық отынмен істеген және бірнеше аспан денесін зерттеген миссиялардың орбитаға енбей, тек жанынан ұшуға ғана мүмкіндігі болған.
Dawn аппараты ғарышқа 2007 жылдың 27 қыркүйегінде ұшырылды.[1] 2018 жылдың 1 қарашасына қарай отынның бітуіне байланысты миссиясы аяқталды.[2]