DAAD
From Wikipedia, the free encyclopedia
DAAD немесе Неміс Академиялық Алмасу Қызметі (немісше Deutscher Akademischer Austauschdienst, ағылшынша German Academic Exchange Service) халықаралық академиялық әріптестік саласы бойынша Германияның ең ірі қоғамдық ұйымы. Ғылыми қызметкерлер мен студенттердің алмасу бағдарламаларымен айналысады. DAAD федералды деңгейде мемлекет тарапынан қаржыландырылады.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fb/DAAD_Logo.svg/640px-DAAD_Logo.svg.png)
DAAD шетелдік түлектер(бакалавр, магистрант, PhD, постдокторлық, факультет қызметкерлері) және де жас мамандарға Германияның жоғарғы оқу орындарында білім алу және зерттеу ұйымдарында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін конкурсты түрде шәкіртақылар тағайындайды.