From Wikipedia, the free encyclopedia
Бөдене (лат. Coturnix coturnix) — тауықтәрізділер отряды, қырғауылдар тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі 3000 метрден жоғары таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды, бірқатары республикамыздың қиыр оңтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20 см-дей, салмағы 80 — 150 г шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене — жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз түр. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, 7 — 20 шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені 15 — 17 күн басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Бөдене әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ, үйде де ұсталады.[2]
Бөдене | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Coturnix coturnix (Linnaeus, 1758) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.