From Wikipedia, the free encyclopedia
Burger King Corporation — жылдам тамақтандыру мейрамханаларының желісі, американдық компания.
Burger King Corporation | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Қызметі |
Жылдам тамақтану мейрамханалар |
Құрылды |
1953 жыл Инста-Бургер Кинг:
Джэксонвилл, Флорида, АҚШ |
Бұрынғы атауы |
Insta-Burger King |
Құрушы |
Insta-Burger King: |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Александер Беринг (RBI төрағасы) |
Саласы |
Қоғамдық тамақтандыру |
Өнімі |
Гамбургерлер,Тауық, Фри картобы, Сергітетін сусындар, Сүт коктейльдері (Милкшейк), Салаттар, Десерттер |
Айналым |
▼ 1,970,000,000 $ (2012.ж) |
Операциялық кірісі |
▲ 363,000,000 $ (2012.ж) |
Таза табыс |
▲ 117,700,000 $ (2012.ж) |
Қызметкерлер саны |
17,796 (2018) |
Басшы компания |
Restaurant Brands International |
Сайты |
Burger King-нің ең бірінші мейрамханасы ең басында Insta Burger King деп аталып, 1954 жылдың 4 желтоқсанында Майами қаласының қалашығында Джеймсом Макламор мен Дэвид Эджертонмен (екеуі де— Корнельский университетінің түлектері) ашылған болатын. Макламор McDonald's мейрамхана желісіне барып, ол кезде мейрамхана Калифорния штатындағы Сан-Бернардинодағы ағайынды Дик және Мак Макдоналдтардың иелігінде болған еді. Онда ол гамбургерлерді дайындаудың өндірісімен, құрал-жабдықтарымен танысып, фастфуд жүйесінің өзіндік түрін шығарып алғысы келді. 1959 ж. Burger King мейрамханаларының жүйесі Майами мен оның қалашықтарында беске дейін өсті. 1960 ж. Макламор мен Эджертон Burger King жылдам тамақтандыру мейрамханаларын франчайзинг жүйесімен ұлттық деңгейде ұлғайтуды көздейді. Дәл осы уақытта олар Burger King Corporation атауын тіркеп және АҚШ-та жеке кәсіпкерлерге франшизаны сата бастайды. 2006 ж. компания қауымдық болады.
2010 ж. ортасына қарай, компанияның ірі иелері : TGP Capital (структура Texas Pacific Group, 11,1 %), Goldman Sachs (10,3 %). 2010 ж. қыркүйек айында компанияның бөлігін 4 млрд. $-ға 3G Capital (бразильдік инвесторлармен бақыланады) сату жайлы келісімді жариялады. Директорлар кеңесінің төрағасы мен бас басқарушысы - Джон Чидсей (John W. Chidsey).
Дүниежүзінің 75 елінде Burger King-тің 12 мыңнан астам мейрамханасы жұмыс істейді. Олар күнделікті түрде 12 млн. адамға қызмет көрсетуде. Оның 1300-і компанияға, ал қалғандары франчайзинг бойынша жұмыс істейді. Израильде барлық мейрамханалар көшерлік болып келеді. Аустралияда 1996 ж. барлық мейрамханалар соттық істерден кейін жабылып, не болмаса «Hungry Jack’s» атауына өзгерді.
2009 ж. персоналдың саны 38,9 мың адамды қамтыды. 2010 ж. маусымында аяқталған желінің қаржылық жылдан алған табысы 2,5 млрд.$ ( алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 2,3%-ға төмендеген), таза табысы - 186,8 млн. $ ( 1%-ға төмендеген) құрайды.
Мейрамхана әрқашан, жас, мақсатты адамдарға толы болады. Burger King-тің өзінің концепциясы да күлкі мен бақытқа сәйке келеді. Алаңғасар Кинг - мекеме символы. Оның көңіл-күйі әрқашанда көтеріңкі және де ол келген қонақтарды ең дәмді деген бургерлер мен позитивті эмоциялармен қарсы алады. Кингтің тағдырлық бұйрықтары оның патшалығын тек отаны АҚШ-та ғана емес, Батыс пен Шығыс Еуропаның барлық қалаларында танымал етті. Ондай бұйрығының біреуі - Burger King-тің тамақтары отта майды қолданусыз пісірілуі керек" деген. Тамақтарды дайындаудың бұл әдісі - вопперлер мен чизбургерлерді, тендеркриспи және нагетсбургерлерді пайдалы және тойымды етеді[1].
Ресейдегі ең бірінші мейрамхана желісі 2010 жылдың 20 қаңтарында Метрополис (метро Войковская) ойын-сайық орталығында ашылды. 2011 ж. тамыз айында Ресейде желінің 28 мейрамханасы, оның 22-і Мәскеу мен Мәскеу облысында, ал 6-ы Санкт-Петербургте ашылды.
Burger King-тің ресейлік мейрамханаларына азық-түліктерді тек отандық өндірушілер ғана тасымалдайды. Желінің қазіргі таңда Ресейдегі жабдықтаушылары 30-40 шамасында, оның 50%-нан астамы жергілікті өндіруші болып табылады. Фирмалық гамбургерлердің котлетіне қажетті сиыр етін мысалыға, "Иналко" атты ресейлік компания тасымалдайды. Франчайзтер азық-түліктерді тек сертификацияланған жабдықтаушылардан алуда. Ол тек американдық компаниямен ғана мақұлдануы керек. Burger King-тің франчайза меррамханаларындағы сапаны Еуропа мен АҚШ-та арнайы дайындықты өткен қызметкерлер бақылайды[2].
Burger King қазіргі таңда өзінің атын дамыту мақсатында жарнама, сан қилы роликтер түсіруде. Соның бір дәлелі ретінде Burger King-тің "Темный Рыцарь" фильмін дамыту мақсатындағы жұмысын атауға болады. 2010 ж. Burger King-тің ас мәзірінің арасында "Dark Whopper" деп аталатын жаңа тағам түрі пайда болады. Сол кезбен бірдей уақытта компания жарнама түсіріп, оны бүкіл каналдарға таратады. Ол жарнаманың негізгі лозунгы ретінде "Өзіңнің қараңғы бөлігіңді тамақтандыр!" деген сөздер қолданылған[3].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.