British Airways
From Wikipedia, the free encyclopedia
British Airways (LSE: BAY ) — Ұлыбританияның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Британ Әуежолдары әуепаркі көлемі, халықаралық бағыттары және басқа да көрсеткіштер бойынша Британиядағы ең үлкен әуекомпания.Оның басты хабтары Лондон Хитроу мен Лондон Гатвик аэропорттары.
British Airways | ||
---|---|---|
ИАТА BA | ИКАО BAW SHT XMS | Шақыру белгісі SPEEDBIRD SHUTTLE SANTA |
Құрылған жылы | 31 Наурыз 1974 (British Overseas Airways Corporation мен British European Airways тың қосылуынан кейін) | |
Хабтар |
| |
Альянс | Oneworld | |
Әуе паркінің саны | 229 (+52 тапсырыс) тәуелді компанияларды қоспағанда | |
Ұшу бағыттарының саны | 150 код бөлуші және тәуелді компанияларды қоспағанда | |
Компания ұраны | Upgrade to British Airways | |
Штаб-пәтері | Лондон, Англия, Біріккен Корольдік | |
Басшылары | Уилли Уалш (Willie Walsh), Ирландық Бизнесмен, Басты атқарушы директоры (CEO) | |
Сайты: www.britishairways.com |
Британ Әуежолдары Групп 1974 қыркүйегінде сол кездегі Лейбористер Үкіметімен ұлттандырылған. Ол Лондондық екі ірі әуе компаниялары British Overseas Airways Corporation мен British European Airways, және екі кішірек әуекомпания Cambrian Airways пен Northeast Airlines тың қосылуы арқасында құрылған. Барлық төрт компания 1974 жылдың 31 наурызында Британ Әуежолдарын құру үшін таратылған. Кейін он үш жылдан кейін 1987 жылдың ақпанында компания қайта жекешелендірілген. Тасымалдаушы кейіннен British Caledonian 1988 мен Гатвикте негізделген Dan-Air 1992 компанияларын да өзіне қосып алған.
Негізі Боингтің клиенті болуына қарамастан, Британ Әужолдары 1998 жылдың қарашы айында 89 Airbus A320 ұшағына ірі тапсырыс жасады. 2007 жылы тасымалдаушы өзінің келесі үлкен тапсырысын жасады. Ұзақ қашықтықтарға ұшатын ұшақтарды айырбастау Airbus A380 мен Boeing 787 ұшақтары арқылы жасалмақ. Барлығы 2008 жылы әуекомпания 35.7 миллион жолаушы тасымалдады.[1]