From Wikipedia, the free encyclopedia
Blender – үшөлшемді компьютерлік графиканы құруға арналған еркін пакет, ол өзіне модельдеу, анимация, рендринг, видеоны постөңдеу мен қатар интерактивті ойын құру құралдарын қоса қамтиды. Кәсіби жасаушы пәрмендердің (команда) арқасында және жылдам әрі тұрақты дамуының әсерімен бұл пакет қазіргі таңда тегін 3D редакторлары арасында айрықша қолданысқа ие.
Blender 2.72b | |
Тұрпат |
үшөлшемді компьютерлік графика |
---|---|
Жасаушы |
Blender Foundation |
Жазылған | |
Операциялық жүйелер |
Microsoft Windows, Mac OS X, GNU/Linux, FreeBSD |
Интерфейс тілдері |
multiple languages |
Бірінші шығару |
1995 |
Ақпараттық платформа |
x86, x86-64, AMD64, AArch64 және MIPS |
Соңғы нұсқа |
2.73 (7 қаңтар 2015) |
Релиздік үміткер |
2.72b |
Лицензия |
GNU General Public License |
Сайт | |
Көлемі |
51.37 Мб |
Басқа атақты 3D-модельдеу пакеттерімен салыстырғанда Blender пакетінің сипаттамалық ерекшелігі - көлемі жағынан шағындығы. Базалық жеткізілімге кең өрісте алған құжаттамалар және көп мөлшерде демонстрациялық көріністер кірмейді.
Артықшылықтары:
Кемшіліктері:
Blender NeoGeo ең алғаш Голландиялық анимация студиясы «жұмыс құралы» ретінде құрған. 1998 жылдың маусым айында blender авторы, Тон Розендаль (Ton Roosendal), ары қарай дамыту және Blender–ді сүйемелдеу мақсатымен Not a Number (NaN) компаниясын құрды. Бағдарлама shareware принципі бойынша таратылды.
2002 жылы NaN компаниясы банкротқа ұшырады.
Тон Розендаль өзінің жігері мен қайратын салып GNU GPL пайдасына тиесілі €100000 біржолата төлем ақысын төлеу шартыменен лицензияны кредиторларды көндіртіп, өзгерткізеді. 2002 жылы 18 шілдеде керекті сомманы (қарызды) жабу үшін, қайырымдылық бағдарламасымен қаражатты жинастыра бастады.
2002 жылы 7 қыркүйекте керекті соммасының жиналғандығы жайлы, «қорытынды» кодты және Blender — дің өзін GPN лицензияға көшіру жайлы жарияланып үлгерген еді.
13 қазан 2002 жылы Blender fonundation компаниясы GNU GPL-ға лицензияланған өнімін ұсынды.
Қазіргі таңда Blender «алғашқы» ашық кодты жоба болып саналады және Blender foundation активті демеуіменен ары қарай дамып жатыр[1].
Ең бірінші алғашқы кодтық файлдың құрылуына орай 2 қаңтар 1994 жылы Blender-дің туған күні болып саналады. 2014 жылы ол 20 жасқа толды[2].
Cтильге келтірілген «Suzanna» есімді маймыл басы - қарапайым текстік модельдің альтернативасы болады. Бар болғаны 500 элементтен құралған, аз мөлшерлі полигонды «Suzanna»-ға материалды, текстураны, жарық қондырғысын жылдам тексеру үшін, сондай-ақ қызықты картина құру үшін қолданады. Ірі көлемдегі марапаттауларды, оның ішінде қатысушыларды марапаттау салтанатын - «Suzanna Awards» деп атайды.
Дүние жүзі бойынша Blender пайдаланушылардың саны 250000-ға аса өсіп келеді және практикалық жағынан ғаламшардың кез-келген нүктесінен қолдау-демеу алуға болады. Көптеген қолданушылар Blender-ді өзге қолданушылардың құрып қойған мақалаларына қарап дәріс алады. Ал басқа қолданушылар тематикалық форумдарды қолданып және талқылау барысында мәліметтерін алып отырады. Blender-ді талқылайтын атақты форум - Blender Artists, elYsiun (http://www.blenderartists.org/forum/ Мұрағатталған 5 тамыздың 2006 жылы.) бұрынғы атауымен. Сондай-ақ, blender-де қауымдастық демеуімен тегін BURP және Renderfarm.fi [3] рендер-ферм «таратып үлестірушісі» қол жетімді.
Blender–ді өзінің басты құрал ретінде не құралдардың бірі ретінде пайдаланатын суретшілер:
Blender-ді қолданған ең бірінші аса ірі кәсіби жоба, бұл — «Өрмекші–адам 2». Blender аниматиканы (animatics) құру үшін және storyboard department-тің барлық тарихын визуализациялау үшін қолданыс тапты.
Friday or another day тұңғыш 35 mm фильм, онда барлық арнайы эффектілері Linux «жұмыс стансиясында» жасалынды. Locarno Film Festival – не фильм сыйлық ұтып алды. Спецэффектілері Digital Graphics Мұрағатталған 27 ақпанның 2011 жылы.-інде (Бельгия) жасалды. Томми Мурдың «Теллстің құпиясы» атты фильмінде «Үздік анимациялық фильм» санаты бойынша Оскар сыйлығына номинацияланды. Бұл фильмге аздап Blender қолданылған. Ол да сол Бельгиялық Digital Graphics.[8].
2005-тің қыркүйегінде, бірнеше Blender – суретшілері мен жасаушылары бас қосып, қысқаметражды фильм жасауға кірісті. Бұлар Orange Movie Project аясына орай, тек ЕБҚ (Еркін Бағдарламалық Қамтамасыздандыру) шегінен шықпай қолданды. Нәижесінде, Elephants Dream атты фильм жарық көріп, 2006 жылдың наурыздың 24–інде премьерасы өтті.
30 мамыр 2008 жылы, бірнеше Blender-суретшілер мен жасаушылар Big Buck Bunny атты екінші мультфилмін жарыққа шығарды.
Бұл Manos Digitales Animation Studio компаниясының жобасы, тек Blender-де жасалған. Фильмнің премьерасы Аргентинада 2010 жылы ақпанда өтті. Blender сайтында демо-ролигін көруге болады. Фильмнің басты кейіпкерлері — сөйлей алатын антропоморфты жануарлар.
2010 жылы қыркүйектің 27-қыркүйекте Blender Foundation жарыққа шығарды. Бұл фильм оның алдындағы Elephants Dream және Big Buck Bunny, Sintel фильмдеріндегідей Blender арқылы жасалды. Фильмнің жобасы 2009-дың мамыр айында басталды. Ал 2010ж қыркүйегінде Нидерланды еліндегі кинофестивальде ресми түрде паш етті. 2010 ж. қыркүиектің 30-ында интернет – релизден жүктеп алуға жол ашылды.
Blender Found тің [9][10] хабарландыруынша, 2011 қазанның 2-де Mango кодтық атауы бойынша төртінші фильмге жұмыс басталды. Ал конкурс арқылы қауымдастық арасынан суретші командасын құру болатын. 2012 жылы 13-шілдеде, тизердің шығуымен, жобаның атын «Tears of Steel»[11]. атауына ауыстырғандарын хабарлады. 2012 қыркүйектің 26-да фильм жарық көрді.[12][13]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.