App Inventor
From Wikipedia, the free encyclopedia
App Inventor — бастапқы коды ашық веб-қолданба болып табылады. Google компаниясымен әзірленген, қазіргі таңда Массачусетс технологиялық институтының қолдауында.
App Inventor 2.png Google App Inventor | |
Тұрпат |
Бағдарламалық жасақтама әзірлеу |
---|---|
Автор |
Google, Inc. |
Жасаушы |
MIT Media Lab, MIT Computer Science and Artificial Intelligence Lab |
Жазылған |
Java, Kawa Scheme |
Операциялық жүйелер |
Android |
Интерфейс тілдері |
ағылшын, испан, француз, италиан, корей, дания, португал, орыс, швед, қытай тілдері |
Соңғы нұсқа |
nb183 |
Лицензия |
MIT License |
Сайт | |
Осы бағдарлама компьютерлік бағдарламалаудағы жаңа бастаушыларға Android операциялық жүйесімен қолдаулы қолданба жасауға мүмкіндік береді. StarLogo TNG және Scratch бағдарламалау тілдеріне ұқсас графикалық интерфейс пайдаланушыларға жүгірткі(мышь) арқылы визуалды объектілерді көшіруге, сол арқылы жұмыс істейтін қолданбаны жасауға үлесін қосады. Осы жобаны жүзеге асыру барысында Google компаниясы онлайн әзірлеу орталары және білім беру мақсатындағы бағдарламалау жайлы көптеген зерттеулер жасаған болатын. [1]
App Inventor және оған ұқсас жобалар конструкторлық білім беру теорияларына негізделіп, бағдарламалаудың белсенді оқыту барысында көптеген қажетті идеяларды тарту мүмкіндігі қарастырылады . Осы жоба 1960-шы жылдардағы Сеймур Паперт және МТИ тобының жұмысынан басталып, Митчелл Резниктің Lego Mindstorms және StarLogo проектілерінде орын алатын компьютер мен білім беру салаларындағы өтетін тоқтаусыз қозғалыстың бөлігі болып табылады.[2]
Оған қоса, MIT App Inventor Firebase және Database қосымшаларын қолдайды. Оның мақсаты - Google-дің Firebase базасы негізінде қолданушыларға ақпарат сақтауға мүмкіндік беру.