![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/21/Singapore_Airlines_Airbus_A380_woah%2521.jpg/640px-Singapore_Airlines_Airbus_A380_woah%2521.jpg&w=640&q=50)
Airbus A380
Кең шанақты, екі палубалы, төрт қозғалтқышты ұшақ, қазіргі уақытта әлемдегі ең үлкен жолаушы ұшағы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Airbus A380 — Airbus S.A.S. консорциумы жасап шығарған кеңфюзеляжды екі палубалы төрт қозғалтқышты турбореактивті жолаушы ұшағы. Әлемдегі ең үлкен жолаушы ұшағы. Алғашқыда A3XX атауымен белгілі болған бұл ұшақты Airbus консорциумы кең фюзеляжды ұшақтар нарығындағы Boeing компаниясының монополиясын жою үшін жасап шығарды.
Aibus A380 | |
![]() Singapore Airlines әуе компаниясының A380 ұшағы | |
Түрі |
кеңфюзеляжды реактивті жолаушы ұшағы |
---|---|
Жобалаушысы |
Airbus S.A.S. |
Өндірушісі | |
Мемлекеті |
Халықаралық |
Алғашқы ұшуы | |
Қолданысқа енгізілуі | |
Статусы |
Қолданыста |
Өндіріс жылдары |
2004 - қазіргі кез |
Өндірілген бірліктері | |
Жобалау бағдарламасы құны |
12 млрд € |
Бірлігінің құны | |
![]() |
Airbus А380 — әлемдегі ең үлкен жолаушы тасымалдайтын ұшақ. Оның ұзындығы — 80,65 м, биіктігі — 24,08 м, қанатының ұзындығы — 79,75 м. Ұшақта 853 жолаушы тасымалдайтын бір класс не 525 орынды үш класс болады. 15 мың километрден де алыс қашықтыққа ешқандай аялдамасыз жеткізе алады.
Ұшақ төрт турбореактивтік қозғалтқышпен жабдықталған әрі олардың екі түрі бар: Engine Alliance GP7000 және Rolls-Royce Trent 900. Ұшақтың салмағы — 280 тонна, ал ұшу кезіндегі максималды салмағы — 560 тонна. Сонымен қатар, жүк тасымалдайтын түрі бар, оның атауы — A380F. Бұл ұшақ 10 мың километр қашықтықта 150 тонна жүкті таси алады.
Ұшақты құрастырып, жабдықтау үшін, шамамен, 12 миллиард еуро жұмсалған. Бұл ұшаққа жұмсалған қаражаттың орнын жабу үшін 420 авиалайнер сату керек екен. Бірақ қазіргі таңда бұл ұшақтың 68 Airbus А380 үлгісі ғана шығарылады.