From Wikipedia, the free encyclopedia
Түркияда президентті сайлауы 10 тамыз 2014 жылы өтті.[1] Көпшілік дауыспен Түркияның қазіргі Премьер-министрі Рәжәп Тайип Эрдоған сайлауда жеңіске жетті.
Президенттік сайлау туралы заң 2012 ж. 20 қаңтарда қабылданып, іске аса бастады. Заңға сәйкес кезекті президент сайлауы 2012 жылдың орнына 2014 жылы өтеді деп шешілді. Сайлаудың уақыты Түркия президенті Абдулла Гюльдің 7 жылдық мерзімі бітуіне 60 күн қалған аралықта өтуі тиіс. Ең ыңғайлы кезең тамыздың 10 мен 17 аралығын қамтыды. Абдулла Гюль жанама сайлау арқылы сайланған Түркияның соңғы президенті болды.[2]
Жаңа сайлау туралы заңға премьер-министр өз қызметінде бола тұра сайлауға түсу құқығына ие болатыны еңгізілді. Сонымен қатар бұрынғы Түркияның президенттері Кенан Еврен, Сүлеймен Демирель, Ахмет Недждет Сезер және сол кездегі лауазымдағы Абдулла Гюль екінші рет президент болуына тыйым салынды. Бірақ Түркия конституциялық соты бұл шешімді заңға қайшы деп таныды.
Президентті сайлау науқаны "америкалық үлгіде" өтетіндігі жарияланды. Яғни, сайлау алды кампанияны қолдауға жеке тұлғалар ғана ақша беруге құқылы болды. Әрбір тұлға 8,259 TL (шамамен 695 мың KZT) артық қаржы бере алмайды.[3]
1 тамыз ақпараты бойынша үміткерлердің сайлау кампаниясына жинаған қаржы көлемі.
Үміткер | Дауыстар | % |
---|---|---|
Рәжәп Тайип Эрдоған | 21,000,260 | 51.79 |
Экмеледдин Ихсаноғлы | 15,587,132 | 38.44 |
Селахаттин Демирташ | 3,958,510 | 9.76 |
Жарамсыз бланктер | 737,871 | – |
Жалпы | 41,283,773 | 100 |
Тіркелген дауыс берушілер/қатысуы | 55,692,841 | 74.13 |
Дереккөз: YSK(қолжетпейтін сілтеме) (ресми праймериз нәтижелері) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.