![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5c/Olympic_rings_without_rims.svg/langkk-640px-Olympic_rings_without_rims.svg.png&w=640&q=50)
2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұл ойындардың бағдарламасына спорттың 41 түрі еніп, онда 302 медальдар комлектісі сарапқа салынды. Ер адамдар - 165, әйелдер - 127 комлекті медальдары үшін сынға түсті. Пекиндегі ойындарға ҚР-дан 132 адам (61 - еркек, 71 - әйел) қатысып, республикамыздың құрамасы спорттың 22 түрімен күш сынасты. Нәтижесінде жерлестеріміз 13 медальға, оның ішінде 2 алтын (И.Ильин - ауыр атлетика, Б.Сәрсекбаев - бокс) ие болып жалпыкоманда- лық есепте 29 орынга ие болды.
2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары | |
![]() | |
Ұйымдастырушы қала | |
---|---|
Қатысушы елдер |
204 |
Атлеттер саны |
11099 |
Медальдар саны |
302 |
Ашылу салтанаты | |
Жабылу салтанаты | |
Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIX жазғы олимпиада ойындары 2008-ші жылғы тамыздың 8-і мен 24-і аралығында өтеді. Онда 41 спорт түрінен 302 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл олимпиада ойындарына әлемнің 203 елінен 10500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. * Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына 100-ге жуық елдің басшылары қатысады деп күтілуде.
- Қытай Үкіметі Олимпия ойындарына 23 миллиард АҚШ долларын бөліп отыр. Бұл – 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы Олимпиада мен 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде өткен қысқы Олимпия ойындарына бөлінген қаржыдан 7 есеге, 2004 жылы Афина Олимпиадасымен салыстырғанда 5 есеге, ал 1984 жылы Лос-Анджелестегі бәсекеге қарағанда 32 есеге көп.
- Олимпиадада ең көп алтын медаль сарапқа салынатын спорт түрі – жеңіл атлетика. Одан 47 медаль үлестіріледі. Бұдан кейін суға жүзуден – 34, мылтық ату мен ауыр атлетикадан 15 алтын жүлде сарапқа салынады.
- Олимпиада медальдары осы айдың соңына дейін жасалып бітеді. Медальдар куньмун нефритінен жасалып жатыр.
Бейжің Олимпиадасының бағдарламасына 9 жаңа жарыс түрі енгізілген. Олар – әйелдердің 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруі, үстел теннисінен командалық бәсекелер, ерлер және әйелдер арасында 10 шақырымдық жүгіру марафоны және тағы басқалары.[1]