1453 жылғы жаулау

From Wikipedia, the free encyclopedia

1453 жылғы жаулау (түр. Fetih 1453) — 2012 жылы шыққан 1453 жылы Константинополь жаулауына арналған түрік тарихи фильм.

Сюжет

Quick Facts Жанры, Режиссёрі ...
1453 жылғы жаулау
Fetih 1453
Жанры

Тарихи драма

Режиссёрі

Фарук Ақсой

Продюсері

Фарук Ақсой
Серует Ақсой
Айша Гермен

Сценарийдің авторы

Атилла Енгин

Басты рөлдерде

Дәуірім Әуін
Ибраһим Шелікқол
Дилек Сербест
Режеп Ақтұғ
Ерден Алқан
Шыңғыс Жошқұн
Ердоған Айтемір
Нажы Атыгүзел

Операторы

Мирсад Херович
Хасан Гергин

Композиторы

Бенджамин Уоллфиш

Кинокомпания

Aksoy Film

Ұзақтығы

160 минут

Бюджеті

18 200 000 $

Кассалық түсімі

34 484 837 $

Мемлекет

 Түркия

Тілі

түрік

Шыққан жылы

2012

IMDb

ID 1783232

Close

Фильм Мединеде 627 жылы (Мұхаммед пайғамбар кезінде) болып жатқан оқиғадан басталады: Әбу Әйюб әл-Ансари басқа сахабаларға Константинопольді жаулап алатын адам адамзат тарихындағы ең ұлы қолбасшы болатынын айтты.

Содан кейін XV ғасырдағы Осман империясы көрсетіледі. 1451 жылы II Мұрат қайтыс болған соң тақ оның баласы II Мехметке бұйырады. Өте қуатты, белсенді әрі жас сұлтан өзіне Константинопольді жаулау мақсатын қояды. "Екінші Римді" жаулап алу үшін оған басқа көршілес елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату керек болды. Сол кезде византиялық император XI Константин Палеолог османлы сұлтанының жоспарын бұзу үшін османлы тағына үміткер болған Орхан шаһзаданы (I Баязиттің шөбересі) пайдаланады. Көптеген қияндықтарды өткерген II Мехмет 300 мыңдай жауынгер жинап, Константинопольді қоршады. Қос әскер үшін қоршау өте қиынға соқты, османлылар үлкен шығын батты, бірақ бір күні сұлтанға түсінде Әбу Әйюб әл-Ансари келеді. Түсімен рухтандырылған сұлтан сахабаның зиратын іздей бастайды. Зиратқа келген сұлтан сахабаның қылышын табады. Рухтанған сұлтан Константинопольге қатысты жаңа шабуыл жоспарын ойластырады. Османлы флоты Халич шығанағына өтіп, жағалау жағынан қалалық дуандарды опырып сындырады. II Мехмет Константинопольге кіреді.

Рөлдерде

More information Актері, Рөл атауы ...
Актері Рөл атауы Жағдайы
Дәуірім Әуін II Мехмет Османлы Мемлекетінің 7-сұлтаны
Ибраһим Шелікқол Ұлыбатлы Хасан II Мехметтің қылыш қожасы әрі жақын досы
Дилек Сербест Ера Мажар ұстасы Урбанның қызы
Режеп Ақтұғ XI Константин Палеолог Шығыс Рим империясының соңғы императоры
Ілкер Құрт II Мұрат Османлы Мемлекетінің 6-сұлтаны
Режеп Ақтұғ Шандарлы Халил паша Османлы Мемлекетінің 11-садрағзамы
Седат Мерт Зағанос паша Османлы Мемлекетінің 12-садрағзамы
Close

Сыртқы сілтемелер


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.