Өңдеу – меншіктенушінің немесе мердігердің бастапқы шикізаттан‚ материалдардан жылжитын жаңа затты дайындау үдерісі. Жаңа затты меншіктену құқығының ауысуы шартпен айқындалады.
Мынадай түрлерге бөлінеді:
- республика резиденттерінің тауарларды‚ шикізатты‚ материалдарды өңдеуі.
- Айталық‚ астық меншіктену құқығын табыстамай-ақ ұнға ұқсатуға беріледі.
- Мердігерде астық баланстан тысқары шотта есептеледі.
- Табыстау шартпен‚ қолхатпен‚ жүкқұжатпен ресімделеді;
- тауарларды “кеден аумағынан тыс” жерде өңдеу – кеден тәртіптемесі‚ мұнда республика тауарлары шетелге әкетіледі‚ сонда өңделіп‚ республика аумағына еркін айналысқа әкелінеді;
- тауарларды “кеден аумағында” өңдеу – кеден тәртіптемесі‚ мұнда шетел тауарлары республика аумағында өңдеу үшін пайдаланылады және баждар мен салықтардың төленген сомасы қайтарылып‚ экспорт тәртіптемесімен әкетіледі;
- тауарларды кеден бақылауымен өңдеу – кеден тәртіптемесі‚ мұнда шетел тауарлары республика аумағында баждар мен салықтар алынбай пайдаланылады‚ кейіннен еркін айналысқа шығарылады немесе өңделген өнімдер өзге кеден тәртіптемесімен орналастырылады.
[1]
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2