From Wikipedia, the free encyclopedia
Өсімдіктер биотехнологиясы – ғылым мен өндірістің өсімдік органдары мен оларда жүретін биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құрып, адамға қажетті өнімдерді алуға мүмкіндік беретін жаңа саласы.
Өсімдіктер биотехнологиясы саласындағы алғашқы зерттеулерді 19 ғасырдың аяғында неміс ғалымдары К.Рехингер мен Х.Фехтинг жүргізді. Қазақстанда Өсімдіктер биотехнологиясы жөніндегі зерттеулер 20 ғасырдың аяғында Бас ботаникалық бақта, Молекулдық биология және биохимия, Ботаника және фитоинтродукция, Өсімдік физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы, Фитохимия институттарында, ҚазҰУ-да, т.б. жоғары оқу орындарындағы арнаулы кафедраларда жүргізілді.
Бұл зерттеулердің негізгі бағыттары:
Өсімдіктер биотехнологиясын қолданып көптеген жоғары өнімді өсімдік сорттары мен линиялары, дигаплоидтар, каллустық және клеткалық дақылдар, протопластар, вируссыз өркендер, дәрі-дәрмектер, белоктар, вакциналар, витаминдер, т.б. биологиялық активті қосындылар алынуда. Қазақстанда Өсімдіктер биотехнологиясының негізін салғандар: академиктері
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.